СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәуелсіздік тірегім, соғып тұрған жүрегім...

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім

Шөбі шүйгін, шұрайлы жеріміз бар,

Бірлігіміз жарасқан еліміз бар.

Даудың басын қайтарып, жауға шабар

Елдің қамын ойлайтын еріміз бар.

Өзге ұлтпен жарасқан көгіміз бар,

Тамылжытып сөйлейтін тіліміз бал.

Бармақтай бағымызға көз тимесін.

О, АЛЛА бола көрші бір өзің жар.

Қазағым қайран елім несібелі,

Басыңнан небір дәурен көшіп еді.

Орыстың озбыр оты өршігенде,

Батырлар өз жанымен өшіргенді.

Әр тарихтан көш үні естіледі,

Жүріп өткен жолдарың кестеленді.

Тәуелсіз ел болғалы 25 жыл,

Қазақстан бүгінде не істеп еді?

Қазақстан 25 жыл өткерді,

Артқа тастап қанша қыс, жаз, көктемді.

Жасалынып болып жатыр шаралар,

Атқарылды қаншама іс өктемді.

Сұлу жерге тамсанып, көз телмірді,

Күннен күнге жайқалып өскен елді.

Алға жылжып, жүйрік ой жаһанданып,

Қазақстан көп елден көш келеді.

Ақтөбеде болған іске оралайық,

Жауыздың ірткісі деп жобалайық.

Азғынның арбауына ерме ерім,

Кесірің өз еліңе болар айып.

Бірлік пен татулықты бағалайық,

Саясаттың салдарын саралайық.

Ойланбай дүрбелеңді сала берсең,

Ұлтымыз көз алдыңда болар ғайып

«Алла» деп бір иеге табынайық,

Басшы деп бір патшаға бағынайық.

Дұшпандар елге ірткі салмасын деп,

Алладан медет сұрап жалынайық.

Қазаққа дұшпан жолы болсын жабық,

Тату елге тамсансын дүйім халық.

Үлгі тұтып қазақты кез келген ел,

Қазағым күн көзіндей болсын жарық.

«Тәубе» деп тура жолдан жаңылмайық,

Білім, өнер, іспенен танылайық.

Әрбір өзге ұлт, қауымына

Көш болып, жақұт болып жалындайық.

Тәуелсіздік тірегім деп ұрандайық,

Қазақстан жүрегім деп жыр арнайық.

Қазаққа көзін сүзген дұшпандардың,

Тұқымы көз алдымнан болсын ғайып!

Күннен күнге өркендеп қарқын басым,

Қазақстан гауһардай жарқылдасын.

Айрандай ұйып отқан татулықтың

Береке, несібесі сарқылмасын.

Бейбіт оты алауы жалындасын!

Пендешілік пейілің тарылмасын.

Көк туымыз желбіреп көк аспанда,

Тәуелсіздік бақытың арылмасын!

.

Лекерова Асылгул Асылхановна

24.08.1990ж

06.02.2017 22:12


Рекомендуем курсы ПК и ПП