СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Ортаңғы «Аққу» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Тәрбиеші: Бапалаққызы Жақсыгүл Күні: 26.04.17ж Білім беру саласы: «Шығармашылық» Сурет салу Тақырыбы: «Киіз үй». Мақсаты: Киіз үй, оның құрлысы туралы, әр бөлігін ажырата алуға, олардың айырмашылығын білуге үйрету.Киіз үйдің бөліктері туралы дұрыс әңгімелеп бере алатын, сұрақтарға нақты және толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Киіз үйді бөліктерден жинап, әр бөлігінің маңыздылығын аша алатын қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау, шығармашылық, бастаған істі аяғына дейін аяқтай білу қабілеттерін тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: сұрақ –жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ойын. Көрнекілігі: гүлдер суреті, үлгілер. Сөздік жұмыс: Киіз үй, кереге, шаңырақ, уық
Іс- әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Баланыңіс- әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Қонаққа Айша деген қуыршақ келіп балалармен амандасып,оларға ғажайып суретін көрсетеді. Қуыршақтың балаларға ұсынысы: «Бұл не?» Ол не үшін керек және қалай құралады білгім келеді.» |
Қуыршақпен амандасады. |
Ізденуші - ұйымдастырушы Кереге Шаңырақ Уық |
Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, жаздасалқын болады. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді «үйші» дейді. Киіз үйді сыртқы көрінісіне, сәулеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй және т.б. аттарымен атайды. Балалар, ал сіздер қиіз үй неден тұратынын білгілерін келе ме? Ал сен Айша білгің келе ме? - Киіз үйдің негізгі қанқасын – киіз үйдің сүйегі деп атайды. Олар: кереге, шаңырақ, уық, есік немесе сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш. Киіз үй керегенің атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі,сағанағы,аяғы, иегі, көгі. Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» деп, одан қысқалауын «балашық», ең кішісін «сағанақ» деп атайды. Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі. Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың үштарын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақ бірнеше бөлшектен тұрады: тоғын. Ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, орнектеледі шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп түрады. Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Оның ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты. Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі Сергіту сәті Киіз үй жабындары: Дайын киіз үйдің сыртына киізін жабады. Киіздің төрт түрі бар. Олар: туырлық, үзік, түндік, киіз есік.Киіз үй құрастырып, сурет саламыз. |
Мұқият тыңдап, өз ойларын айтады. - Кереге, шаңырақ, уық, т.б. Көтеріліп шаңырақ, Керегелер керіліп, Өрімдей боп өріліп, Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй боп көрінер |
Рефлексивті -түзетушілік |
Дидактикалық ойын: Ойынның аты: «Киіз үй» Шарты: Әр түрлі бөліктерден балалар тақтада қиіз үйін құрастырады және алған бөлігі туралы әңгімелеп береді. Бір бала кереге суреттелген карточканы алады, оның маңыздылығы мен құрлымы туралы айтып тақтаға құрастыра бастайды. Одан кейін келесі бала әрі қарай жалғастырады. Аяғында толық жабдықталған киіз үй шығады және оған қуыршақ Айша өз бағасын беріп балаларға суретті түсіндірген үшін рахметін айтады Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды: Бүгінгі әңгімеміз сіздерге балалар ұнады ма? Бүгін қандай қызықты жаңалықтар ұнады сіздерге? Бүгінгі әңгімемізден қандай әсер алдыңдар? Мадақтау |
Ойын ойнайды. Жауап береді. |
Күтілетін нәтиже: Киіз үйдің маңыздылығы мен ерекшелігін ұғынады. Киіз үйдің бөліктерінің атауларын түсінеді Әр түрлі бөліктерден жалпы киіз үйді құрастыруды қолданады
© 2017, Бапалаққызы Жақсыгүл Бапалаққызы 2237