СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жас мамандарға кеңес

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас маманға көмек

1. Сабаққа дайындықты неден бастау керек:

  1. Сабақ тақырыбын дәл анықтап оны тұжырымдау, қисынға келтіру.
  2. Оқу курсындағы тақырыптың орынын анықтау.
  3. Өтілетін сабақтағы негізгі ұғымдарды анықтау.
  1. Келесі сабақта қолданылатын ұғымды анықтау, болашақтағы іс-әрекетті жоспарлау.

2. Мұғалім және оқушылар үшін сабақтың мақсатын анықтау, оны тұжырымдау-бұл сабақ не үшін қажет? Осыған сәйкес сабақтың оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелік қызметінің міндетін белгілеу.

3. Сабақтағы оқу материалын жоспарлау.

4. Сабақтың өзіндік қызығын ойлап табу.

5. Таңдаған оқу материалын топтау.

6. Сабақ үстіндегі оқушылардың іс-әрекетін бағалауды жоспарлау үшін:

  1. Нені бақылау керек?
  2. Қалай бақылау керек?
  3. Бақылау қорытындысын қалай пайдалануға болады деген сұрақтарға жауап іздеу керек.

7. Сабақты өткізуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.

8. Үй тапсырмасын ойластыру.

9. Осы ретте дайындалған сабақ конспектісінде жазылып, көрініс табуы керек.

Сабақ талдауы

Оқыту - бұл өнер әрі ғылым. Ол бір кезенде үйреніп, жетілдірусіз қайталай беретін дағды емес. Қоғам және оның балалары үздіксіз өзгереді. Сондықтан қазіргі мектепте сабақ беру, оқыту өз білімінді үнемі жетілдіруді, көтеріп отыруды талап етеді.

Сабақ талдаудың негізгі түрлері:

  1. Қысқаша талдау
  2. Құрылымдық талдау
  3. (Аспектілі) біртұсты талдау
  4. Толық талдау
  5. Кешенді талдау

Қысқаша талдау - аяқталысымен жасалатын талдау түрі. Келесі талдауға бастау болатын бұл түрі сабаққа шешуші баға бермейді. Сабақты бақылаушы қойылған мақсат пен міндеттерін орындалуын, сабақ нәтижесінен жасалған болжаулармен салыстырады.

Құрылымдық талдау – барлық сабақ түрлерінің негізі, әдетте, қысқаша талдау жасалғаннан кейін, сабақ құрылымдық талдау арқылы жіктеліп, талданады. Сабақ кезеңдерінің логикалық кезектесуін, өзара сабақтастығын анықтайтын бұл талдау түрі сабақтағы доминантты болған кезеңді де анықтайды.

Аспектілі, бір тұсты талдау – құрылымдық талдау негізінде жүзеге асырылады. Сабақтың бір тұсы, бір тұрғысының талдауына ерекше назар аударады.

Ол:

1. Сабақтың мақсаты

2. Сабақ құрылымы мен ұйымдастыру

3. Сабақ мазмұны

4. Сабақтағы мұғалім іс-әрекеті

5. Сабақтағы оқушылар іс-әрекеті

6. Үй тапсырмасы

7. Сабақтағы санитарлық - гигиеналық талаптар

8.Сабақтың психологиялық аспектісі

Толық талдау – бұл аспектілі, бір тұсты талдау жүйесі, сабақтың барлық тұрғысынан жасалған қортындысының нәтижесі болып табылады. Бұл талдау түрі мұғалім аттестациясында, озық тәжірбие жинауда, мұғалімнен болған даулы ситуациаларда жүргізіледі.

21.11.2016 21:35