СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Арифметикалық прогрессия.

Категория: Алгебра

Нажмите, чтобы узнать подробности

Арифметикалық прогрессия. 9 сыныпқа арналған сабақ жоспары. 

Просмотр содержимого документа
«Арифметикалық прогрессия.»

Астана қаласы №14 мектеп-гимназиясының математика мұғалімі Жакупбекова Сара Гермагамбетовна

Алгебра 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларды арифметикалық прогрессияның ұғымын және жалпы мүшелерінің формуласын анықтау қабілетін қалыптастырып,

есептер шығаруда қолдана білуі.
дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін шыңдау,есте сақтау қабілетін жетілдіру

және білім дағдыларын дамыту.

тәрбиелік;
Сабақтың типі: білім мен дағдыны жүйелеу
Сабақтың әдісі: жеке, топтық, деңгейлік
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: арифметикалық прогрессия бойынша презентация,тапсырмалар жинағы
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа анықтап,ынталарын сабаққа аудару.

ІІ. Қайталау сұрақтары
5.Арифметикалық прогрессия анықтамасын айтып, мысал келтір
6.Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырымы деп атайтыны-мызды түсіндір
7.Арифметикалық прогрессия қай кезде өспелі, қай кезде кемімелі болады
8.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын тұжырымда
9.Арифметикалық прогрессияның негізгі қасиеті қалай тұжырымдалады
10.Алғашқы мүшелерін таппай-ақ арифметикалық прогрессияның соңғы мүшелерін табуға бола ма?

ІІ. «Кім жылдам»

1)15 санына еселік болатын алғашқы бес натурал саннан тұратын сандар тізбегін ата.

2.) 90 санының бөлгіштері болатын алғашқы алты натурал саннан тұратын сандар тізбегін ата.

3.) 17 санына еселік болатын алғашқы бес натурал саннан тұратын сандар тізбегі ата.

4) 110 санының бөлгіштері болатын алғашқы төрт натурал саннан тұратын сандар тізбегін ата.

5)7-ге бөлгенде қалдығы 1-ге тең болатын натурал сандардан тұратын тізбектің жалпы мүшесінің формуласын Ата.

6) 11-бөлгенде қалдығы 3-ге тең болатын натурал сандардан тұратын тізбектің жалпы мүшесінің формуласын ата

7) 13-бөлгенде қалдығы 2-ге тең болатын натурал сандардан тұратын тізбектің жалпы мүшесінің формуласын ата

8)29- бөлгенде қалдығы 5-ге тең болатын натурал сандардан тұратын тізбектің жалпы мүшесінің формуласын ата.



III.Оқулықпен жұмыс.

№189,191 орындарында шыгартып,жұппен тексерту.i

IV. Деңгейлік тапсырмалар.


І топ
А-деңгейі 5 ұпай
1) 3; 10; … арифметикалық прогрессиясына 143; 256; 551 сандары мүше бола ма?
2) а1= -100; а2 = -70 болатын арифметикалық прогрессияның а3 және а8 мүше-сін табыңдар
В-деңгейі 10 ұпай
1) -3,8; -3,62; … арифметикалық прогрессияның бірінші бір таңбалы мүшесін табыңдар.
2) -5; -4,8; … арифметикалық прогрессияның қандай номерлі мүшесі 100-ге тең
С-деңгейі 15 ұпай
1) Арифметикалық прогрессияның а5 = 2, оның айырымының қандай мәнін-де а4+а7+а8 қосындысы нөлге тең болады?
2) а1,а2, … арифметикалық прогрессия берілген а1+а29=а3+а7 теңдігі орындала-тынын дәләлде

ІІ топ
А- деңгейі 5 ұпай
1) а1=7; 35 саны соңғы мүшесі болатындай 8 мүшеден тұратын арифметика-лық прогрессияны жазыңдар
2) а1= 30; а3 = 36; а5 = 42 болатын арифметикалық прогрессияның а7 мүшесін табыңдар
В-деңгейі 10 ұпай
1) 17; 16; 15; … арифметикалық прогрессияның бірінші теріс таңбалы мүше-сін табыңдар.
2) 3; 2; …. арифметикалық прогрессияның нешінші мүшесі -100 ге тең бола-ды.
С- деңгейі 15 ұпай
1) Арифметикалық прогрессияның а7 =3 болса, онда оның айырымының қандай мәнінде а4 • а9 көбейтіндісі ең үлкен болады
2) а1; а2; а3; …аn … арифметикалық прогрессиясы берілген а10+а15 = а1+а24 тең-дігі орындалатындығын дәлелдеңдер

ІІІ топ
А-деңгейі 5 ұпай
1) а11 = 43 тең арифметикалық прогрессияның а30 және а32 мүшелерінің қо-сындысын табыңдар.
2) а1 = 2; 20 саны соңғы мүшесі болатындай 10 мүшеден тұратын арифмети-калық прогрессияны табыңдар
В- деңгейі 10 ұпай
1) 3; 2; … арифметикалық прогрессияның нешінші мүшесі -10000-ға тең бо-лады
2) 4; 7; 10; … және 5; 9; 13; … арифметикалық прогрессиясының алғашқы 20 мүшесінің ішінде өзара тең неше мүшесі бар
С- деңгейі 15 ұпай
1) Арифметикалық прогрессияның а10+а12 =8; а13 =11, d айырымын табыңдар
2) а1; а2; а3; …аn … арифметикалық прогрессиясы берілген а7+а10 = а5+а12 тең-дігінің орындалмайтындығын дәлелдеңдер

Деңгейлік тапсырмалар тақтада орындалады.

V. Үйге тапсырма §11, №194,195 есептер
VI. Бағалап, бекіту
VII. Сабақты қорытындылау.



© 2018, 1451 24