Сабақтың тақырыбы | Ботаника –өсімдіктер жайлы ғылым (6-сынып) |
Сабақтың жалпы мақсаты | Өсімдіктер дүниесін оқып үйрену, биология ғылымы туралы түсінік беру, өсімдіктерді танып білу, Қазақстан жерінде таралған өсімдіктер, қызыл кітап, қорықтар туралы оқып, білу. |
Сабақтың негізгі мақсаты | Жұппен, топпен жұмыс. СТО дағдыларын қалыптастыру; тапсырмалар арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру; постермен жұмыс; |
Сілтеме | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыныптағы диалогтің маңызы, СТО үйрету |
Сабақтың әдіс-тәсілі | Топтық жұмыс, жеке жұмыс |
Сабақтың көрнекілігі | Интерактивті тақта, маркер, қағаздар, электрондық оқулық, тапсырмалар, слайд. |
Оқыту нәтижелері | биология ғылымы, өсімдіктер дүниесі туралы түсінік қалыптасады, Қазақстан жерінде таралған өсімдіктер, қызыл кітап, қорықтар туралы оқып, біледі. |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Қолданылған Әдіс-тәсілдер | Белгіленген уақыт |
Ұйымдастыру кезеңдері | Сәлемдесу, ынтымақтасьық атмосферасын құру, топқа бөлу. | Оқушылар бір-біріне өз тілектерін айтады, топқа бөлінеді. | | 2 мин |
Білу | Миға шабуыл: өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер? Өз бақшамыздағы өсімдіктер туралы айтайық. | Ойланып жауап беру, ағаштар, жемістер, гүлдер тарулы айту. Қияр, қызанақ, картоп, шие, құлпынай, таңқурай т.б. | | 2 мин |
Түсіну | Мазмұнды топтарға бөлу | Оқулықты пайдаланып, мазмұнды оқу. I топ. Өсімдіктер дүниесі. II топ. Қазақстан жерінде таралған өсімдіктер. III топ. Өсімдіктерді қорғау. IV топ. Қорықтар. | Топтық жұмыс I топ. Диалог II топ. мазмұндау III топ. Диолог IV топ. Сұрақ-жауап | 12 мин |
Қолдану | Әр топтың мазмұнды игеруін қадағалау | Оқыған мазмұнға байланысты постер қорғау | Топтық жұмыс Диалог | 12 мин |
Талдау | Өсімдіктердің қандай пайдасы бар? Мәдени және жабайы өсімдіктерді салыстыра сипаттама беру? Өсімдіктерді не үшін қорғау керек? Қорықтарды атап шығу. | Ойын жинақтап, сұрақтарға жауап қайтару. | Жеке жұмыс | 3 мин |
Сергіту сәті | Музыка қойылады | Оқушылар музыка әуенімен билейді. | | 2 мин |
Жинақтау | Биологиялық диктант 1. Қазақстанда «қызыл кітап» тұңғыш рет.....жылы шықты. 2. Марқакөл мемлекеттік қорығы -...... 3. .........- құрылысы, қоректенуі және тіршіліктері ұқсас тірі ағзалардың өте үлкен тобы. 4. Биология ұғымы тірі табиғат жайлы ғылымның атауы ретінде Француз ғалымы ..........1802 жылғы .......... еңбегінде жарық көрген. 5. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеген ғалым-................... 6. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «қызыл кітабы» ........ шықты. 7. Табиғатта өздігінен өсетін өсімдіктерді ................................деп атайды. 8. ................- өсімдіктер туралы ғылымдардың жиынтығы, ..................бір саласы; өсімдіктер дүниесін зерттейтін ғылым. 9. Адамның өз қажеттіліктері үшін қолымен өсіретін өсімдіктерді ........................деп атайды. 10. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы -............ | Бос орынды толтыру, айқас тексеру. | Жеке жұмыс | 7 мин |
Рефлексия | 2 жұлдыз \1тілек: стикерге екі ұнаған нәрсе \ және жақсартуды қажет ететін нәрсе жазып кетеді. Оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін, нені дамыту қажет екендігін, қандай сұрағы бар екендігін стикерге жазуын дағдыға айналдыру. | 2 мин |
Бағалау | Топ басшысының бағалауы, критерийлер арқылы мұғалімнің бағалауы | Өз жұмысына баға беру Өз –өзін бағалау | 3 мин |
Үйге тапсырма | Ботаника –өсімдіктер жайлы ғылым тақырыбын үйден қайталау. |