СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бүлдіршін аруы-2017

Нажмите, чтобы узнать подробности

8-наурыз мерекесіне байланысты "Бүлдіршіндер аруы-2017"өтті.Мақсаты:Қыз балалардың өміріндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«Бүлдіршін аруы-2017»

  • «Бүлдіршіндер аруы-2015» сайысы



Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады.
Тақырыбы: «Бүлдіршіндер аруы-2015»сайысы .
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата – аналар, көрікті қыздар. Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана -
деп жырлағандай бүгінгі МАД топ бүлдіршіндерінің « Бүлдіршіндер аруы-2015» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға қошеметпен шақырайық.
Ер балалар қыздарды ортаға алып кіреді.

Тәрбиеші : Жақсы адам кімге болсын болар пана,

                       Мол оның тал бойында ақыл, сана.

                         Көркіне ақылы да сай келетін

                         Бірінші келе жатқан – бұл Айша.

 

Тәрбиеші : Шығады мұң бұралып Жангерім биші,

                         Өнерді Жангерім сүйген бәрің сүйші.

                         Қыздары бұл топтың бәрі өнерлі,

                         Шығады арасынан әнші, күйші.

 

Тәрбиеші: Қуантады білімменен бізді Аяулы қыз

                         Қол соғып қарсы алайық енді біз.

                         Білімің серік болсын талабыңа,

                         Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.

 

Тәрбиеші: Құлпырған дала гүліндей Замира қыз,

                         Жүресің әркез күлімдей.

                         Арманыңа аңсаған,

                         Ақ ниетпен жет сүрінбей.

 

Тәрбиеші: Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

                         Бәрі де арманына қолын созар

                         Арманың орындалсың Жанайым сенің,

                         Бұйыртса бақыт құсы саған қонар.

 

Тәрбиеші: Бәріміз жақын көретін,

                         Жарыста демеу беретін

                          Келесі біздің Сабина қыз,

                          Шырқап ән салып беретін.

 

Тәрбиеші: Сабырлы әрі салмақты,

                         Өзі өнерлі, жан – жақты.

                         Келе жатқан Әлия қыз

                         Жарысты бүгін жалғапты.

Тәрбиеші: Әке-шешесінің мақтанышы ,
Айжан қыз ең сұлу
Осы күнге сақтаған,
Тақпағы бар жаттаған.



Қоржыннан реттік нөмірлерін суыру.

Жүргізуші: Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.


Жүргізуші әділқазы алқаларымен таныстырады.
Сайыс 5 - бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға түседі.
2. «Өнерлі өрге жүзеді» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б. өнерлерін көрсетуге болады.)
3. «Шебер қолдар» (ою-өрнек қиып жапсыру)

4. «Тапқыр, білгір, білімділер» ( жұмбақтың шешуін табу, әріптер жазу,есеп шығару сұрақтарға жауап беру)
5. «Қыздарға әсемдік жарасады» (Сән киім үлгісін көрсету).
6. «Дәм - думан» (үйден көктем салатын жасап әкелу,дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау).


Тәрбиеші: Уа,халайық, халайық
Бастамас бұрын сайысты
Әжемізден ауылдың
Аталы бата алайық.
ӘЖЕ: А,құдайым оңдасын
Оң жолына бастасын
Бүгінгі мына сайыста
Еліңе ұнар ару бол
Халқың сүйер аққу бол! Әумин!

Тәрбиеші:

I.-бөлім Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.

Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.


II.–бөлім Өз өнерін көрсету
Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады

(Қыздарымыз ортаға шығып кезектесіп өз-өнерлерін көрсетеді)


III.-бөлім «Шебер қолдар» (ою-өрнек қиып жапсыру)

Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай
Жүрегі арулардың ақылға бай.
«Ана көрген тон пішер» деген бабам
Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай.

Кішкентай бүлдіршіндеріміз ою-өрнек қиып жапсырады. Ал, кәне, бүлдіршіндер, іске сәт! Аруларымыз тапсырмаларын жасағанша, ұлдарымыздың «Ана туралы» өлең шумақтарын тыңдаңыздар:


Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды аналар
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар Мақсат

Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең Нурислам

Мұрат, мүлде, мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін Ильяс

Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым Ақнұр

Менің әжем,бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже Н.Ерасыл

Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі Дамир

Бәріңізде анасың
Біз үшін күн боп жансың Азамат
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті ата - аналар! Александр

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз. Дамир

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ Мақсат


Әлпештеген әжем қымбат
Қамқор болған анам қымбат
Бірге ойнаған досым қымбат
Қөмектескен інім қымбат
Білім берген ұстаз қымбат. Нурислам


Анам мені Айым – дейді
Мен мұңайсам уайым жейді
Анам мені «Күнім» - дейді
Мен қуансам күлімдейді. Ақнұр

Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді. Н.Ерасыл

Ана өмір мәңгілік
Жүзі нұрлы таң күліп.
Ана өмір әркімнің
Көкірегінде жанды үміт. Диана

Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым, күнім дейтін. Кәусар

Жақсы көрем күлкіңді
Айналайын ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам Азамат

Ана десем шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. Александр

Өзіңсің өмірдегі бар ардағым
Жыр жаздым, тұңғыш саған, ән арнадым.
Анашым айтарым көп, тіл жетпейді.
Бір сендей асыл жанды таба алмадым. Нұр.Ерасыл

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан
Бар жақсылық аналардан таралған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам

Балалар аналарына өз қолдарымен жасаған заттарын сыйлайды.


IV.-бөлім «Тапқыр, білгір, білімділер» ( жұмбақтың шешуін табу, әріптер жазу,есеп шығару сұрақтарға жауап беру)
Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне – дей келе кезекті сұрақ - жауапқа берейік.


1. Еліміздің президенті кім?

2. Ауылыңның аты қалай аталады?

3. Көктемнің қай айында аналарымыздың мерекесі болады?
4. Мектебіміздің атауы қалай аталады?

5. Жыл мезгілдерін ата?

6. Көктем мезгілінде неше ай бар?

7. Бір айда неше күн бар?

8. Еліміздің рәміздерін ата?

9. Төрт түлік малды ата?
10. Біздің ауданымыздың атауы қалай аталады?

11. Біз қай елде тұрамыз?

12. Пішіндерді ата?

13. Анаң сені үйде не деп еркелетеді?
14.Тура және кері санап бер?

15. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?

Сауат ашу сабағынан қанша әріптерді білесіңдер .Тақтаға шығып әріптерді жазу.

0-10 дейін есеп шығару.

Жұмбақ жасырамын.

Жігіттер тобы Репп биін тамашалаңыздар.

V. «Қыздарға әсемдік жарасады» (Сән киім үлгісін көрсету).

Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған.
Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Бүлдіршіндер ортаға шығып өздерінің дайындап келген сән үлгісін көрсетеді



VI. «Дәм - думан» (үйден көктем салатын жасап әкелу,дайындап алып келген тағамның атын атау).


Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымыздың биін тамашалайық. Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Келесі сөз кезегі әділ-қазылар алқасына сөз беріледі . Сайысқа қатысқан аруларға:«Көрермендер көзайымы», «Өнерлі қыз», «Мың бұралған биші», «Көрікті қыз», «Әдемі қыз», «Ақылды қыз», «Сүйкімді қыз», «Ажарлы қыз», «Салмақты қыз», атты номинациялары бойынша жүлделер берілді.

Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсыну.

Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық!
Ардақты аналар, ұстаздар, мейрамдарыңыз құтты болсын!