Просмотр содержимого документа
«Дыбыс және әріп»
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелеріне баулу, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Пәнаралық байланыс:Математика
Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
-Психологиялық дайындық кезеңі:
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. 13-жаттығу тексеру, оқу, талдау.
2. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Жұмбақ шешу:
Фонетикалық екі ұғым
Бірімен бірі сыбайлас.
Бірі-айтылады да естіледі
Екіншісі-жазылады да көрінеді.
(Дыбыс пен әріп)
Өз құрамында үш буын,жеті әріп бар,
Жалпы қарауындағы әріптері
Құрамындағыдан 6 есе көп. (Алфавит)
Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді. (Дауысты және дуыссыз дыбыстар)
IV.Мағынаны тану:
а) «Жоғалған әріпті тап» ойыны:
10-жаттығу
(Д) оп (Ә) теш
Ш(ы)ны ө (р) ік
(б) ас (і) лгек
Қ (ы) ран ә (п)ке
(с) үт
Шешуі: Дыбыс,әріп
Ә) Оқулықпен жұмыс:
11-жаттығу
Жұмбақты оқып,шешуін тап. Шешуіндегі сөзді буынға бөліп жаз.
Сөзі дана,үні жоқ,
Сөйлемейді-тілі жоқ.
Қолыңа алсаң-шешен,
Ақылы асқан көсем.
( Кі-тап)
«Ойлан тап» ойыны:
12-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазу.
Топпен жұмыс:
13-жаттығу Мақалды буынға бөліп жазу, мағынасын түсіндіру.
14-жаттығу Сөзжұмбақ шешу ,сөздерді тасымалдау себебін түсіндіру.
Тақтамен жұмыс:
15-жаттығу
Сөздердің тасымалдану тәсілін жазу.
V. Ой толғаныс:
16-жаттығу Шешуі: Халық қаһарманы
Шығармашылық тапсырма:
Бауыржан Момышұлы -халық қаһарманы.Ол Ұлы Отан соғысында бас қолбасшы болып ел тыныштығын қорғаған батыр.
17-жаттығу: Мақал мазмұнын түсіндіру.
Сөздерге дыбыстық талдаужасау.
Үйге тапсырма: 18-жаттығу
Бағалау.