Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы
Сабақтың мақсаты: Э дыбысы және әріп жайында түсініктерін еске түсіріп, пысықтау, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі:Іскерлік пен дағды қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Пәнаралық байланыс:Орыс тілі
Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
-Психологиялық дайындық кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 18-жаттығу тексеру, оқу, талдау.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.
А) Жұмбақ шешу.
Темір жол тірегі,
Аспанға керіліп,
Сымды ұстап жүреді.
(Электравоз)
Жіппен келеді,
Үзсең сөнеді.
(Электр шамы)
Диқаншының еңбегін.
Қысы - жазы ақтайды,
Астықты тазалап,
Қай жерде сақтайды?
(Элеватор)
Жылжымалы баспалдақ,
Сатыларын бассаң нақ.
Не жоғары, не төмен
Сырғимын да жетем мен
Көзді жұмып, ашқанша - ақ.
(Эскалатор)
- Олай болса, айтылған жаңа сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Э
Электр – қуат күшінен алынатын жарық.
Элеватор - астықты қабылдап алуға, тазартуға, кептіруге, сақтауға арналған астық қоймасы.
Экспрес - ірі стансаларға қатынайтын жүрдек пойыз, кеме, автобус.
Экскаватор - кен өндірісінде, құрылыста, тас, топырақ, кен қазатын, тиейтін машина.
Эскалатор – Жылжымалы баспалдақ.
Экскурсия ұнайды.
Бар адамға "тамаша!"
Әнмен серуен құрғанда,
Қуанады балаша.
Ү.Мағынаны тану:
ә) оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Этаж, экран, электр, экипаж, эстафета, экскаватор.
2-жаттығу. Өлеңді оқу, мазмұнын ашу. Жатқа жазу, э және е дыбысы бар сөздердің астын сыз.
Электрсіз, Теледидар,
Шырағым, Үтік те-
Болмай-*ақ қой шүбәлі. Барлығы істен шығады.
(Қадыр Мырза Әли)
3-жаттығу. Көшеде электр шамы жарқырайды. Ұшақ экипажсыз орнынан қозғалмайды. Балалар «Экран» кинотеатрына билет алды. Бәрінен де эстафета ойнау қызық болды.
4-жаттығу. Сөздердің мағынасын ашу, жазу.
5-жаттығу Жұмбақтың шешуі: Электр.
7-жаттығу. Жұмбақ құрастыру.
8-жаттығу «Экипаж» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
в) сергіту жаттығуы.
ҮІ. Бекіту: Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп-кішкентай күн көзін. (Электр шамы)
Электр шамы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:8-жаттығу «Экипаж» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
ІХ. Оқушыларды бағалау