СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Электр және магнит

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Электр тізбегі дегеніміз не? Электр және магнит.

Просмотр содержимого документа
«Электр және магнит»

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Бөлім: Табиғат физикасы.

Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.

Мектеп:

Модератор: Данабаева М.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:


Тақырыбы:

Электр тізбегі деген не?

Оқу мақсаты:

3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау;

3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну;

3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу.

Сабақтың

мақсаты:

Электр тізбегінің қарапайым сызбасымен және оның жұмысымен танысу.

Бағалау критерийі

Электр энергиясы көздерін анықтайды;

Электр тізбегінің сызбасын сызады.

Тілдік мақсат

Тірек сөздерді пайдалана отырып, электр тізбегі неден тұратынын және оның басты жұмысын сипаттап бере алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Электр тізбегі

Құндылықтар

Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Электр сөзінің мағынасын, электр құрылғыларын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

1минут



4минут









Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару мақсатында «Қал қалай? Осылай!» ойынын ойнау.

Əр сұраққа балалар хормен «Осылай!» деп жауап береді де, қолмен дұрыс бағытты көрсетеді. Мысалы:

Қал қалай? – Осылай! (Бас бармағын көтереді).

Жүріс қалай? – Осылай!

Сабаққа дайындық қалай? – Осылай!

Тізбектерді салыстыр.

«Тізбек» сөзіне ассоциация құру. Оқушылар тізбектің қандай болатынын, олардың қандай болатынын анықтайды. Оларға бірнеше тізбектердің суреттерін көрсету арқылы тізбектердің әртүрлі болуын түсіндіру. Электр тізбегі туралы әңгімелеу. Жетекші сұрақтар арқылы оқулықта берілген суретпен жұмыс жасау. Сұрақтар:

-Оқулық кейіпкерлерінің қолдарында не бар?

-Олардың бір-бірінен қандай айырмашылық бар?

-Тізбектер неден құралған?

-Егер тізбектер үзіліп қалса, не істеу керек?

-Негештің тізбегі үзілсе не болады? Ойыңмен бөліс.

-Сым арқылы не өтеді? Қалай ойлайсыңдар?

-Сымдарды ажыратса не болады?

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.


Көңілді әуен қосып қою.

Слайд №1












Слайд№2







Сабақтың ортасы

3 минут












1 минут

4 минут









1минут


5 минут










1 минут


5 минут













1 минут


3 минут




2 минут







5 минут






Жана ма, жанбай ма?

Тапсырманың мақсаты: Оқушыларда электр тізбегінін дұрысын анықтау. Оқушылар суретпен жұмыс жасай отырып, шамның жануына қажетті тізбекті анықтайды. Жетекші сұрақтар арқылы, тапсырманың мақсатына қол жеткізу ұсынылады. Сұрақтар:

-Суреттегі эксперимент нені анықтауға арналған деп ойлайсың?

-Қандай электр көздерің білесіңдер?

-Суретте берілген заттардың қайсысы электр құралына, қайсысы ток көзіне жатады?

-Берілген суреттердің қандай айырмашылығы бар?

-Шам қандай кезде жанады?

-Шам қандай кезде жанбауы мүмкін?

-Ток көзін тізбекке не үшін қосады? Ойыңмен бөліс.

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Электр тогі.

Мақсаты: Оқушыларда электр тогі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Оқушыларға бірнеше сымдарды немесе сымдардың суреттерін таратуға болады. «Сымның ішінде не болуы мүмкін?» деген сұрақ қою.

Оқушыларға түсінікті болуы үшін су құбырларында судың қозғалу жолын көрсетіп, олардың тұрығын үйлерге қалай баратынын көрсету. Электр сымдары арқылы ток электр көзінен құрылғыға өтетінін түсіндіру.

ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.

Электр тізбегі неден тұрады?

Тапсырманың мақсаты: Оқушыларды электр құрылғыларымен, қызметтерімен сонымен қатар, электр тізбегінің жұмысына қажетті элементтерді таныстыру.

Оқулықта берілген сурет бойынша электр тізбегінің элементтерін атау. Қарастырылатын сұрақтар:

-Суреттегі электр тізбегі не үшін қолданылады? Ойыңмен бөліс.

-Бұл электр тізбегін қай жерден кездестіруге болады?

-Егер электр тізбегінің кілті болмаса не болады?

ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.

Модель жасау. Тапсырманы кең алаңда немесе сыныптың бос орнында өткізу керек. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, электр тізбегі жұмысының мәнін түсіну керек. Ол үшін оқушылар электр тізбегінің «тірі үлгісін» жасайды.

Ресурстар ретінде бір шелек немес бір қорап кез-келген жемістерді, кішкене доптарды пайдалануға болады.

Модельдеуді жоспарлау.

-Электр тізбегін құру;

-Электр тізбегінің жұмысын анықтау.

Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға электр тізбегінің моделін өз шығармашылықтарымен құрастыруға ұсыныс беру.

Қорытындылау: Модель жасай отырып, электр тізбегінің жұмысын түсініп, тізбектің ерекшелігі туралы талқылау.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Ойлан.

Шамтізбектің бір шамы істемей қалған жағдайда не болатыны жайлы талқылау. Оқушылардың жауаптары тыңдалып, әр жауапты талдау.

Сергіту сәті. Көз бұлшықеттерін арналған жаттығулар орындау. Сұрақтар:

  • Неге көзімізді сабақ барысында жаттықтыруымыз керек?

  • Қандай жаттығуларды білесіңдер?

  • Көз күтімі жайлы не айта аласығдар?

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

56-жұмыс парағы. «Электр тізбегі», 58-б.

Неге шам жанбайды? Тапсырмада оқушылар тізбектегі электр тогына қажетті шарттарды анықтап, қандай тізбекте шам жанатынын анықтау.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Тұйықталған электр тізбегін ажырата алады;

-Тізбектердің жанған немесе жанбаған себептерін жазады.

57-жұмыс парағы. «Электр тізбегінің элементтері», 59-б.

Тізбек неден тұрады? Тапсырмада оқушылар электр тізбегі элементтерінің аттарын жзып, олардың әрқайсысының қызметін көрсетеді.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Электр құрылғысын біледі;

-Тізбекті қосып ажырататын элементті біледі;

-Электр тогі жүретін элементті біледі..

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.

Слайд №3










Оқулықпен жұмыс




Сымдар, сымдардың суреттері.



Оқулықпен жұмыс





Слайд №4,5













Жемістер, доптар













Слайд № 6,7




https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE





Дәптермен жұмыс


Кері байланыс.

«СМС» парағын толтыру.

Оқушылар хабарлама жазуға арналған парақты толтырып, өз ойларымен бөліседі.


Слайд №8



Сабақтың соңы

5 минут



Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



  • Топтау бойынша саралау:

-Ынтасы жоғары оқушыларға топырақтың пайдалану жолдарын ұсынуды тапсыру.

-Ынтасы жоғары оқушылар тобы (жұбы немесе жеке оқушы) алынған мәліметті диаграммаға орналастыра алады

  • Тапсырмалар бойынша саралау:

-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

-Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзара бағалау: Смайликтер бойынша бағалау

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау;

-«СМС» парағы





-Сергіту жаттығуын орындау

- әрекеттерді жиі ауыстыру

- қауіпсіздік ережелерін сақтау