СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Г дыбысы және әрпі

Категория: Логопедия

Нажмите, чтобы узнать подробности

-Г  дыбысының  дыбысталуына  көңіл  бөлу,  буын  және  сөзде  дұрыс  айтуға  машықтандыру.

-Таным   қабілеттерін  дамыту.

-Балаларды  тазалыққа,  ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

 

Просмотр содержимого документа
«Г дыбысы және әрпі»

Пән: Тіл кемшіліктерін түзеу

Дефектолог-логопед: Мухаметова А.М.

Сабық тақырыбы: Г дыбысы-әрпі

Сабақ мақсаты:

-Г дыбысының дыбысталуына көңіл бөлу, буын және сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.

-Таным қабілеттерін дамыту.

-Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі:кеспе әріптер, суреттер.

Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру.

Сәлемдесу, күн ретін анықтау (сұрақ-жауап)

ІІ. Артикуляциялық жаттығулар.

«сылақшы» -ауыз кең ашық, тілдің ұшымен таңдайды сылау. Бағытын өзгерте отырып, 10-15 рет қайталау.

«саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тіл ұшын таңдайға жапсырып ұстау керек.

«сағат»-тілді ауыз қуысынан шығарып, оңға, солға қимылдату керек.

«күрекше» -жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып, 10-15 секунд ұстап тұру керек.

ІІІ. Тыныс алу жаттығулары

ІҮ. Дыбыстың дұрыс айтылуына арналған жаттығулар.

  1. Г дыбысының артикуляциясымен таныстыру, қайталау.

  2. Г дыбысын буын, сөзде айтқызу.

Гг дыбысы ,дауыссыз дыбыс,ұяң дыбыс,сөздердің басында ортасында кездеседі. 
Гүлдің суреті. ГҮЛ- гүлді мерекеде, тойда ,қуанышта, туған күнде,бір-бірімізге сыйлаймыз. 
Сөздердің мағынасын түсіндіру:
Е гін–егіс алқабы,бидай егетін алқабы. 
Е геу-үйге қажетті қолданылатын құрал. 
Е гіз-бірге туған екі адам. 
Се гіз- сан:жетіден кейін келетін, (математикадан алдыңғы уақытта өтеміз). 
Ке ре ге -киіз үйдің бөлігі «шаңырақ,уық кереге» 
Бе те ге «шөптесін өсімдік қазақта «бетегеден биік, жусаннан аласа» деген мақал бар. 
Ше ге- күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір-біріне біріктіру үшін шеге қағады. 
Не ге- сұрақ. 
Шең гел- тікенді өсімдік. 
Мез гіл-уақыт, жылдың төрт мезгілі бар. 


Н.Баймұхамедовтің «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқыту. 


Ақ көгершін, көгершін, 
Қолғанат құс сен едің. 
Бар, кезіп қайт ел үшін , 
Кең дүниенің көлемін. 
Әділеттің құсы деп, 
Көз алмастан жолыңнан, 
Бақыт құсы болсын деп, 
Ұшырамын қолымнан.

Сергіту сәті. 
Шаршағанда ырғалып 
Гүлге ұқсап дем алам 
Қолымызды қозғалтып 
Гүлдей болып жайқалам. 
Дәптермен жұмыс. 
Ауада жазу, тақтада көрсету. 
Бас әріп, кіші әрпін жазу. 
V. Шығармашылық тапсырма. 
Гүл, көгершін сөздерін текшені , бояу. 

Дидактикалық ойын « Кім шапшаң» ойыны. 
Шарты: Гг дыбысы бар сөздерді ойлап тауып буынға бөлу. 
V. Жаңа сабақты қорытындылау. 
Мұғалім:қандай дыбыспен таныстық,Ггдыбысы қандай сөздерде кездеседі екен? 
«Ақ көгершін» өлеңін жатқа айту.

Үйге тапсырма: қайталау.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!