Бекітемін:___________ Өткелбаева Г
Айы-күні: 25.10.16ж
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Ғ ғ дыбысы және әрпі
Мақсаты: Өткен тақырыпты еске түсіре отырып, Ғ дыбысымен таныстыру. Балаларға ғ дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құратқызу. арқылы сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі, қажетті құралдар: әліппе- дәптер, суреттер, кеспе әріптер.
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз,қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
Жұмбақ шешу:
Көп әріп ішінде,
- Шалғы пішінде.
Тап, мұны түсін де.
(Ғ әрпі)
- Балалар ғ дыбысын айтып көрейік.
- Ғ қандай дыбыс ?
- Неліктен дауыссыз?
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Ғ дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?
- Қане кім «балға» сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді? (Бір бала тақтаға балға сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында отырып дауыстап айтады шапалақ ұру арқылы буынға ажыратады).
- Енді, Ғ дыбысына байланысты жаңылтпаш үйренейік.
Жаңылтпаш:
Ағабай ағасын,
Ағатай ағасың!
Аға деп бағалар,
Ағаның бағасын.
(Хормен. топтап айтып үйретіледі.)
Сергіту сәті:
Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Сендер орындарынды қарап жүргенде мен бір жұмбақ тауып алдым.
Жұмбақ:
Жоқ өзінде бас та,
Қас та мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(Сызғыш)
Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
- Екінші буын қай дыбыстан басталады?
- Дыбысты біз айттық, естідік, енді Ғ дыбысынын таңбасымен танысайық. (Баспа және жазба түрі көрсетіледі).
- Ғ әрпін ауада жазып көрсетелік (балалар бірге ілесіп жазады).
- Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап үзік сызықтарды қосып, F әрпін жазамыз.
«Ғарышқа үшу» ойыны.
Ойынның шарты: Балаларға қағаздан сәндеп жасалынған ракета үлгісі көрсетіледі де кім ғарышқаұшқысы келсе, мұндағы тапсырмаларды дұрыс орындау керектіп ескертіледі. Бір-бірден ала отырып, өткен әріптерге жұмбақ жаңылтпаш, санамақтар айтады. Ойын мақсаты балалардың білімге құштарлығын арттырып, өткен әріптерді есте сақтауға дағдыландырады.
Ребус шешу: Ж + аға (аға бейнесін салу)= Жаға
Шешуі: (сандық, жаға, таға)
Ойын: «Сөйлемді толықтыру»
1. Өзімнен үлкен бауырым……..(аға)
2. Қыз құлағындағы әшекей…… (сырға)
3. Атам ат………(тағалады)
«Орамал тастамақ» ойыны, ойын кезінде өтіткен әріптер бойынша басқа дыбысты айтып, балаға орамал лақтырады. Бала сөз ойлап, қайта тәрбиешіге лақтыру керек. (б, а, л, ғ, а дыбыстары айтылады.) Осы дыбыстардан сөз құрап, тақтаға кеспе әріптер арқылы жаздырады. «Балға, аға, алға».
Қорытынды
Бүгін оқу іс-әрекетінде қандай әріппен таныстық ?
- Ғ дыбысы қандай дыбыс?
- Ғ әріпі сөздің қай жерінде кездеседі?
- Ғ әріпінен басталатын сөздер айтындар
Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтап жұлдызшалар таратып беру.
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Ғ дыбысы мен әрпін, ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білу, сөздерді буынға бөлу, сөздерден сөйлем құрастыра білу.
Түсінігі: Жазу барысында дұрыс отыру ережесі, дәптер, қол, қарындашты дұрыс ұстау туралы түсініктерді;
Көрсете білу: Ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білу.