СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Грамматика әлеміне саяхат»

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәнінен 5 сыныптарға арналған қосымша оқу құралы. 

Просмотр содержимого документа
««Грамматика әлеміне саяхат»»


Тақырып: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

5.5.1.1 мәтін құрауда жалғау түрлерін дұрыс жалғау

Зат есімнің жалғаулары

Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар.

1. Көптік жалғау

3. Тәуелдік жалғау

2. Жіктік жалғау


4. Септік жалғау

1. Көптік жалғау. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады.
Көптік жалғауының түрлері: -лар,-лер, -дар, -дер, -тар, -тер.

Соңғы дыбыс

Дауысты және үнді р,й,у

Ұяң з, ж және л, м,н,ң

Қатаң және ұяң б,в,г,д

жуан

-лар (балалар)

-дар (қыздар)

-тар (ағаштар)

жіңішке

-лер (терезелер)

-дер (кілемдер)

-тер (суреттер)



2. Жіктік жалғау бастауыш пен баяндауышты байланыстырады, сондықтан жіктік жалғаулы сөз әрқашан баяндауыш болып, сөйлемді аяқтап тұрады. Жіктік жалғау кез келген есім сөзге жалғана бермейді, тек адамның кім екенін, қандай екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады. (Мен оқушымын, сен тәртіптісің, сіз біріншісіз, т.б)

жақ

Есім сөздің жіктелуі

Етістіктің жіктелуі

І

Мен оқушымын

Мен жазамын

ІІ

Сен оқушысың

Сіз оқушысыз

Сен жазасың

Сіз жазасыз

ІІІ

Ол оқушы

Ол жазады

І

Біз оқушымыз

Біз жазамыз

ІІ

Сендер оқушысыңдар

Сіздер оқушысыздар

Сендер жазасыңдар

Сіздер жазасыздар

ІІІ

Олар оқушы

Олар жазады


3. Тәуелдік жалғауы заттың біреуге не бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті тәуелдік жалғаудың 3 жағы әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.

Жекеше түрі

Көпше түрі

І жақ: -м, -ым, -ім

-мыз, -міз, -ымыз, -іміз

ІІ жақ: -ң, -ың, -ің

-тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің

ІІ жақ: -ыңыз, -іңіз,  -ңыз, -ңіз

-тарыңыз, - теріңіз, - дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз

ІІІ жақ: -сы, -сі, -ы, -і

-сы, -сі, -ы, -і

4. Септік жалғау. Сөздің септік жалғауды қабылдауын септелу дейді. Қазақ тілінде 7 септік бар:

Септік

Сұрағы

Жалғауы

Атау

кім? не?

жалғауы жоқ

Ілік

кімнің? ненің?

-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Барыс

кімге? неге? қайда?

-ға/-ге, -қа/-ке, -на/-не, -а/-е

Табыс

кімді? нені?

-ды/-ді, -ты/-ті, -ны/-ні, -н

Жатыс

кімде? неде? қайда?

-да/-де, -та/-те, -нда/-нде

Шығыс

кімнен? неден?

-нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен

Көмектес

кіммен? немен?

-мен, -бен, -пен

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

2. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге қандай жалғау жалғанады?

3. Жіктік жалғау нені байланыстырады?

4. Шығыс септіктің сұрақтары мен жалғаулары қандай?

5. Қазақ тілінде неше септік бар?


Тапсырма

Берілген сөздерге ІІІ жақтың тәуелдік жалғауларын қосыңыз.

Доп – оның _______________

сабақ - оның ______________

еңбек - оның ______________

кітап - оның _______________

көмек - оның ______________

аяқ - оның ______________



Тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз.

Әлібектің отбасы ..... . Қазақ отбасында ..... дәстүр көп. Әлібектің қарындасы .... . Әлібек үлкендерге әрқашан ..... . Әлібек ..... дәстүрін құрметтейді.

Қажетті сөздер: үлкен, бар, жақсы, қазақ, көмектеседі.



Тапсырма

Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғап жазыңыз.


1. Дос ________________

2. аға _________________

3. дәстүр ______________

4. әпке ________________

5. үй _________________


4