Просмотр содержимого документа
««Грамматика әлеміне саяхат»»
Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәнінен 5 сыныптарға арналған қосымша оқу құралына мақала
Тақырыбы: «Грамматика әлеміне саяхат»
Ұсынылған оқу құралында мен мемлекеттік тілде емес оқитын оқушыларға базалық қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша 5 сыныптағы бағдарлама негізінде арнайы қосымша көмектесетін, тіілдік құзырлықтарын дамытуға қолайлы еңбек жасағаным қолдауға болады. Оқу құралында арналған оқу құралы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына кең мүмкіндік береді. Берілген тапсырмалар оқушылардың қазақ тіліне тән дыбыстарын ажырата алуға, жалғау түрлерін дұрыс жалғауға, сөз таптарын ажырата білуге, сөздік қорын молайтуға, сондай-ақ алған білімдерін жүйелі түрде қайталап, нығайтуларына көмектеседі.
Құралдың құрылымы мен мазмұны нақты жобаланған. Жүйеленген оқу деректер арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, олардың қазақ тіліндегі сөйлеу, жазу, тыңдалым және оқу қабілеттерін қалыптастыруға ғылыми-әдістемелік жағынан қолдау жасалынғанын көреміз. Ғылыми тұрғыда теориялық мәліметтер ұсынылған. Солай, қазақ тілінің грамматикасы, лексика сұрақтары мен фонетиканы тереңдетіп үйрету сияқты талаптары орынды қойылған.
Қазақ тілінің күрделі тақырыптарын ерекше оқып білу мақсатында және пәндік бағдарламасына сәйкес оқытуды тиімді жолдарымен сапалы білім беру міндеттерін қойып іске асыру мақсатында дайындалған құрал материалдары пайдалы екенігін айқындауға болады. Құрал материалы қазақ тілінің грамматикасын тереңдетіп үйретуге, жаттығулар арқылы бекітуге арналғаны дұрыс құрастырылған.
Жұмыстың ғылымилық дәрежесі әр тақырыпта ашылған. Оқу құралы мазмұыныда әр тақырыптың теореиясы қамтылған. Олар тапсырмалар орындауда оқушыларға тірек бола алады.
Қосымша оқу құралы базалық пәндік бағдарламадағы бір саланы ашуды қамтиды. Осы сала бойынша негізігі оқу қызметтер жүзеге асады: олар тілдік құзыреттілікті қалыптастыруда оқушылардың шығармашылығын, сыни ойлауын, тілдік дағдыларын және өзара коммуникацияға түсуін, қызығушылықтарын арттыруын көздейді.
Бұл оқу құралы қосымша білім беру мақсатын негізге алған. Бірақ, оқу құрлындағы теория және практика бөлімдері жақсы жүйеленген. Нәтижесі айқындалған.
Құрал оқушыларға арналған болғандықтан, оның практикалық маңыздылығы жоғары болып көрінеді. Құрал мазмұыныда түрлі практикалық, интерактивті тапсырмалары бар, олар оқушының өз бетімен теория мен практиканы ұштасытруға талап етеді. Сонымен қатар құрал мазмұнында дидактикалық ойындар мен диалог құру тапсырмалары мол, олар оқушылардың белсенділігін арттыруға көмектеседі. Оқу материалдарын құрастыруда оқудың түрлі стилдерін, әдістері мен формаларын қолдану арқылы тапсырмаларды орындау талап етілген.
Итемгенова Гульнара Булатбековна
қазақ тілі пәнінен мұғалімі