СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көліктер. Аспандағы ұшақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың көліктер туралы мағлұмат толық беру

Просмотр содержимого документа
«Көліктер. Аспандағы ұшақ»

Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Сурет салу.

Оқу іс-қызметінің тақырыбы: Көшедегі көліктер. Аспандағы ұшақ.

Мақсаты: 1.Көліктер туралы түсінік беру. балаларды геометриялық пішіндермен,оның ішінде сопақша арқылы ұшақтың суретін салуды үйрету;

2.Сөздік қорларын толықтыру, кеңістікті, түстерді сезіне білуді қалыптастыру.

3. Эстетикалық сезімдерін , ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: слайд, түрлі көлік бейнеленген суреттері.

Педагогқа керекті құралдар: ұшақтардың бірнеше түрі салынған суреттері, ұшақ үлгісі, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.

Балаларға керекті құралдар: түрлі түсті қарындаштар,жұмыс дәптерлері.

Оқу іс-қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-қызметі

Балалардың іс-қызметі

Ынталандыру.

Сезімді ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар орнымыздар тұрып, апайлармен амандасып шаттық шеңбер арқылы жылы лебіздерін білдіреді.

II. Сыныптың білім деңгейін анықтау .

-Қыс ерекшіліктерін айту? Видео карау. -Қай мезгіл? -Қыс мезгілінің айларын айту? т.б

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Оң жақтағы көршіге

Сол жақтағы көршіге

Күлімсіреп қарайық.

Қолды көкке созайық,

Бір –бірімізден озайық

Құшақтасып бәріміз

Тату достар болайық


Ұйымдастыру кезені

IІІ.Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелер.

Балалар сендер саяхат шыққанды ұнатасыңдар ма?

Саяхатқа немен шығуға болады? (автобуспен,машинамен,самолетпен, т.б...)

Осыларды бір сөзбен қалай атауға болады?

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы (Көліктер)

IV. Қызығушылық пен назарын аудару

Жұмбақтар шешу. (слаид)

1.Тізбектелген көп үйлер, көшіп жүрген көп үйлер. 2.Табанында жолы бар, төбесінде қолы бар. 3. Арасында ауыл жүр, ала тайым шауып жүр. 4. Жерде жүрер жөні жоқ,
Судан басқа жолы жоқ. 5.Құстан аумайды, 
Көкте заулайды. - Көліктер жер су ауа


V.Негізгі бөлім (слаид)

Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда.

Автомобиль көлігі – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы.

Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы. Тасымалданатын негізгі өнімдер – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер. –Трамвай -электр қуаты арқылы рельспен қозғалады. Ол- қалада жолаушы таситын моторлы вагон көлік.

Су көлігі - энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі. Поезд, машина, ұшақ сияқты кемелер мен баржылар жылдам қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді.

а) Көліктердің зияндылығы туралы әңгімелеу


VІ. Әліппе дәптермен жұмыс. а) Сөздік жұмысын жүргізу.

Жедел жәрдем-қолма-қол берілетін көмек.

Өрт сөндіруші—өрт сөндіруге арналған техника.

Су сепкіш-су себуге арналған техника.

Педагог көлік түрлерінің суреттерін көрсетеді, ал балалар оның қандай көлік түрі және не үшін пайдаланатынын айтады.


Шығармашылық жұмыс. Көлік туралы тақпақ айту.


VІІ. Сергіту сәтін өткізу. «Ұшты-ұшты».

Ұшақ -сөзін қай дыбыстан басталады, буынға бөлу.

Ұшақтар туралы мағлұматтар беріп,олардың адамдарға пайдасын, көлік ретінде қолданылатынын, алыс айшылық жерді жылдам уақытта аралап шығатынымыз жайлы әңгімелеу.

Балалардың өздерінен ұшаққа отырғанда алған әсерлері,қызықты сәттерін естеріне түсіріп айтуларын сұрау.


Педагог геометриялық пішіндерді,оның ішінде сопақшаны пайдаланып ұшақтың бейнесін салу ретімен таныстырып,жұмыс жасауға балаларды жұмылдырады.

Балалар жұмыс дәптерлеріне ұшақтың суретін салады.Жұмыс барысында қиындықтарға кездескен балаларға педагог көмектеседі.

VІІ. "Не артық" дидактикалық ойыны.

Педагог көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп тұрып,олардың аттарын атайды.Балалар аталған көлік түрлерінің артығын тауып айтады және оның неге артық екенін дәлелдейді.









Пойыз, трамвай, автобус, кеме, ұшақ.








Көліктерді 3 топқа бөлуге болады: автомобиль, теміржол көлігі, теңіз көлігі, әуе көлігі




























Сергіту сәтін өткізу. «Ұшты-ұшты».

Ұшақ -дауысты дыбыс.

Ұ-шақ -2 буын


Балалар ұшақ суретін салады


"Не артық" дидактикалық ойының ойынайды.

















-Камаз, Тайота, Жигули, Мерседес, жеңіл машина, тікұшақ. Артығы-тікұшақ.

Өйткені ол-ауа көлігі.

Тікұшақ, ұшақ,автобус. Артығы- автобус . Өйткені ол-жер көлігі.


Оқу іс-қызметін қортындылау

Балалардан өздерінің салған ұшақтарына жақсылап назар аударту,неге ұқсайтынын сұрау.

ұқсайтынын тапқан балаларды ерекше атап мадақтау.

Оқу іс-әрекет соңында балалардың еңбектерін қарап, бағалау.

Құсқа

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Көлік және оның түрлерін білуі тиіс

Болуы тиіс: Жол ережесі жөнінде түсініктері болуы тиіс

Жасай алуы: геометриялық пішіндермен,оның ішінде сопақша арқылы ұшақтың суретін салуды білу;