Сабақ жоспары___________________7______________________сынып_____________________Күні___________
№ | Сабақтың кезеңдері | Уақыты | Мұғалімнің қызметі | Оқушының қызметі |
1 | Ұйымдастыру | | Оқушыларды түгендеу Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бақылау. | Келмеген оқушылардың аты-жөнін атайды. Оқу құралдарын шығарып Сабаққа дайындықтарын Танытады. |
2 | Оқу қызметінің мотивациясы / себептері / | | Оқулық, компьютер, карточка, кесте құру /Видио ролик/ | Оқушылар назарын көрсетілген көрнекілік материалдарға аударады. |
3 | Білімді өзектендіру / Білу / | | Үй тапсырмасын сұрау. графикалық редактор мен қандай жұмыстар атқаруға болады? Графиканың қазіргі өмірде алатын орыны қандай? Қандай құралдары бар? Тұйық контур деген не? Бояу неліктен сыртқа жайылып кетеді? | 1Суреттер салуға, жарнаалар жасауға, диаграммалар тұрғызуға, дизайндар құруға , кестелер толтыруға т.б. Қойылған сұрақтарға ауызша жауап береді. |
4 | Оқу міндеттерін қою | | «Миға шабуыл» -әдісін пайдалану арқылы оқушылаға ой тастау. Мұғалім: -Балалар графиктік редактор десе көз алдарыңа не елестейді? -Графиктік редактор арқылы қандай жұмыстарды атқаруға болады? -Графиктік редакторды пайдалана отырып открытка, жарнама, дизайн құруға болама? -Векторлық кескінде қандай элементтер қолданылады? -Пиксель дегеніміз не? Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Фигураларды салу» екен. Тақтаға сабақтың тақырыбын жазамын. Қосымша тақтаға -не? -не үшін? -қайтіп? -қалай? -не себепті? -неге? –деген сұрақтарды жазамын. Енді балалар осы сұрақтарды пайдалана отырып Тақтада жазылған сабақтың тақырыбына сұрақ қойыңдарщы. ... Оқушылардың жаңа тақырыпқа қойған сұрақтарын қортындыдай келе, олай болса балалар, енді осы өздерің қойған сұрақтың шешімін табуға тырысамыз. | Оқушылар қойылған сұрақтарға әр қайсысы, әр түрлі жауап бере отырып, мәтіндік редактор туралы ойларын ортаға салады, мүмкіндіктерін айтады. Тақтаға жазылған сұрақтарды пайдалана отырып: Қандай мүмкіндіктері бар? Графиктік редакторды қалай қосамыз? Кскіндіі қалай сақтайды? Кескін құрудың қандай ерекшеліктері бар? Кескіндерді қалай ерекшелеуге болады? |
5 | Жаңа білімді ашу / Түсіну / | | Графиктік редактор туралы, құралдары туралы видио роликті көрсетемін.. Графиктік редактор тақырыбын оқып шығады. Алдын-ала таратылып қойған қағаз, фломастерді пайдаланып I-II топ кластер сызады. Графиктік редактордың құралдары туралы Геометриялық фигураларды салу, бояу, тұйық контур туралы | Оқушылар көрген суреттерден өздерінің алған әсерлері мен сезімдерін ауызша айтады. Жаңа тақырыпты меңгере отырып мәтіндік редактор мен оның мүмкіндіктері туралы, кластер арқылы сызып түсіндіреді. |
6 | Түсінулерін алғашқы тексеру /Қолдану/ | | Енді екі топ бір-біріне жаңа тақырып бойынша сұрақ қойыңдар. /Жаңа тақырыпты тереңірек түсінуге түрткі болу/ Пікір алысу / | I топ -Графиктік редактордың қандай құралдары естеріңде қалды? -Компьютермен сурет салған оңайма? -Сені несімен таң қалдырды? -Қандай фигураны салу қиын болды? Ii топ -Кескінді қалай ерекшелейміз? - Құю құралын қалай пайдаланады? -Қалыпқа қалай келтіреді? Осындай сұрақтардың төңірегінде оқушылар ой-пікірлерін айтып, пікір алысады. |
7 | Іс-әрекет түрлерін және білімдерін алғашқы пысықтау /Тапсырмалар орындау/ | | Деңгейлік тапсырмалар орындау III, II, I | -Графиктік редакторды пайдалана отырып геометриялық фигураларды салыңдар. -Фигураларды пайдалана отырып бейнелерді құрыңдар. -«Графиктік редактордың мүмкіндіктері мен құралдары» атты мәнжазба жазады. /Эссе/ |
8 | Өзбетінше жұмыс орындау /Шығармашылық жұмыс / | | Тапсырманы бұрын орындап болған оқушыларға арнайы тапсырмалар беру. № Графиктік редактордың мүмкіндіктерін пайдаланып -дөңгелек -үшбұрыш -аққала -шелек сал, боя. | Берілген № тапсырма бойынша оқушылар компьютермен жұмыстар орындайды.. |
9 | Білімді өз бетінше тексеру және бақылау. | | Алдын- ала бағалау парағы таратылып беріледі. Шағын тест тапсырмасы таратылып беріледі. Дұрыс жауабы алдын-ала қағазға жазылған, тақтаға ілінеді. Оқушылар өз қателерін өздері тексереді. | Топ басшылары, әрбір орындалған тапсырмаға өз тобындағы балаға жеке- жеке баға қойып отырады. Оқушылар тест сұрақтарына Жауап береді. Топ басшысы бағалау парағын толтырып, бағалап өткізеді. |
10 11 | Үй жұмысын хабарлау Рефлексия /Кері байланыс / | | Графиктік редактор туралы оқып, мүмкіндіктерімен практика жүзінде танысу. Батырмаларының қызметін жаттау Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім, алған әсерім. Бүгінгі сабақтан менің білгенім.... Қызықты болғаны... ...енді мен орындай аламын ...мен жасай алады екенмін... | Үйге берілген тапсырма бойынша жұмыстар жүргізеді Оқушылар өз ойларын білдіріп, сөйлемді аяқтайды. |