Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе
Өткізу күні / Дата проведения: 09.01.2020ж.
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область:Таным
Пән / Предмет: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Қыс мезгілі керемет"
Тақырыбы / Тема: «Қысқы ағаштар»
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная: Ағаштармен бұталарға қамқор болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Байқампаздық қабілеттерін дамыту.
3. Оқыту – обучающая : қысқы ағаштардың бұтағына, діңіне қарап ажырата білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулықты сақтау бойынша педагогикалық технологиялар,ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : қыс көрнісі менқысқы ағаштар суреттері
Көп тілділік полиязычие: ағаш-дерево-tree, орман-,лес -forest, шырша-елка-fir
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ағаштардың адамдарға, табиғатқа берер пайдасы бар ма? (балалардың жауаптары)
өте дұрыс айтасыңдар, ағаш табиғаттың көркі. Ағаш тірі табиғатқа жатады. Ағашқа адамдар зиян тигізбесе олар көп жылдар өмір сүреді, содан кейін ол ағашты үй құрлыстарына пайдаланады, отын ретінде қолданады. Сендер білесіңдер ме қағазды да агаштан жасайды.
Енді суретке назар аударыңыздар.
-Иә, балалар ағаштар. Ағаштың түрлері өте көп. Олар – емен, қайың, шырша, терек және жеміс ағаштары. Ағаштардың көп болғаны өте пайдалы, олар ауаны тазартады, жазда көлеңке болады.
Ағаштардың бірі – шыршамен жақын танысайық. Шырша – биік, діңі түзу, қысы – жазы бір түсте болатын сымбатты ағаш. Шыршаны ойыншықтармен безендіріп, Жаңа жылды қарсы аламыз.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі,
Кіп –кішкентай ағаштар
Біп- биік болып өседі!
-Балалар шыршаның түсіне назар аударайықшы (балалар қарау)
-Шыршаның түсі қандай?
Балалар шыршаның пішіні неге ұқсайды екен? Шырша ағашы қандай бөліктерден тұратынын айту.
-Иә, дұрыс айтасыңдар үшбұрышқа ұқсайды екен.
Жеке жұмыс: Самырат пен Санжар дан ағаштардың түрлерін қайталап сұрау.
Ағаштардың адамға қандай пайдасы бар?
Қайың- діңі жұқа ақ қабықпен жабылған. Тез өседі, бүршіктерінен дәрі- дәрмек жасайды. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қайыңнан жиһаз жасайды. Жапырақтары дөңгелек.
Шырша - қысы- жазы жап- жасыл боп қылқанды жапырақты ағаш. Құрылыс материал және музыка аспабын жасайды.Шыршаның қылқандарынан дәрумендер жасайды.
Көктерек – діңі түзу, тегіс, қабығы жасылдау түсті, жапырағы дөңгелек, жылдам өсетін ағаш.
3.Қортынды
Баллардан өткен сабақты қайталап сұрап, балаларды мақтап-мадақтап ұйымдастырылған оқу ісін аяқтаймын.