Мотивациялық қозғаушылық | Балалар шаттық шеңберге тұрып, мына өлең жолдарын айтайық. Аспанға мен қараймын. Күн сәулесін санаймын! Бір сәулені мен алып! Балаларға сыйлаймын! - Балалар, бүгін бізге қонаққа Балдырған келіпті, ол бізге бір жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін «айтпаймын» дейді, ол әріпті табу үшін біз мынадай бір тапсырманы орындауымыз керек. | Балалар шаттық шеңберіне тұрады, өлең жолдарын Балалар тәрбиеші мұқият тыңдап, Балдырғанның тапсырмаларын орындайды. айтады. |
Ұйымдастыру кезеңі | Суретпен жұмыс 1-тапсырма. - Мынау не? - Лақ қай малдың төлі және ол қалай дыбыстайды? - Лақ сөзінде неше дыбыс бар? - Лақ сөзін буынға бөліп көрейік? - Неше буын бар? - Сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (Хормен айтқызу). - Л қандай дыбыс? - Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейді? Балаларға айтқызу. Ла-ла-ла-лақ. Ли-ли-лимон. 2-тапсырма. Піл, лимон, балық суреттері көрсетіледі. Піл, лимон, балық сөздерін буынға бөлдіру, дыбыстық талдау жасату. Сонан соң осы сөздерде кездесіп тұрған л дыбысының орнын ажыратқызу. Л дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында келетінін мысалдармен түсіндіру. Өткен дыбыстармен л дыбысы қатыстырылып, буын, сөздер құрастырылып оқыту. Хормен ауызша қайталату. 3-тапсырма. Дәптермен жұмыс: Жазбаша жұмыс орындату. Дәптердегі үзік сызықтарды қосып л әрпінің кіші және бас әріптерін үлгі бойынша жазғызу. Лак, түлкі, гүл сөздеріне дыбыстық талдау жасап, л дыбысының орнын ажырату. Бос торкөздегі л дыбысының орнына қарай сөз ойлату. 4-тапсырма .Өлен жаттау «Лақ» Жалт-жұлт етіп лақ. Жағалайсын бұлақ. Секірем деп бірақ. Қала көрме құлап. Сергіту сәтін өткізу. Бейнеролик. Презентация. Л әрпі бар сөз болса, қол шапалақтау. Болмаса аяғын топыдату. | (Лақ) Балалардың жауаптары Қойылған сұрақтарға толық жауап береді. Л дыбысын естіліп тұр. Дауыссыз дыбыс. Балалар 2-тапсырманы орындайды. Піл, лимон, балық сөздерін буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды. Балалар 3-тапсырманы орындайды. Дәптердегі үлгі бойынша жұмыс жасайды. Сергіту сәтін бәрі бірге қимылдармен жасайды. Ойынға барлық бала қатысады. |
Рефлексиялық түзетушілік | -
Балалар кеспе әріптерден а-ла, ал, ол сөздерін кім құрастырып береді? -
Енді осы сөздермен кім сөйлем құрап береді? -
Сөйлемдердің сызбасын сызып көрсету. -
Сабақ қонағы - Балдырғанның білімді балаларға риза болғанын айтып, сабақты аяқтау. | Кеспе әріптерден ала, ол, ал сөздерін құрайды. Осы сөздерге сөйлем құрайды. |