СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Экономика негіздері

Категория: Экономика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Терминдер сөздігі 

Просмотр содержимого документа
«Экономика негіздері»

Терминдер сөздігі

Ақша - жан-жақты және салыстырмалы тұрақты сатып алу қабілетіне байланысты ақша басқа да активтердің барлық түрлерін сатып алуға мүмкіндік жасай отырып, айналым қаржысы саласында қолданылады.

Ақша бірлігі – заңды түрде белгіленген ақшаның белгісі және өлшемдес барлық тауарлардың айтылу бағасы.

Ақша массасы – барлық айналымға жіберген қағаз ақша және металл ақшалар.

Ақша жүйесі – елдегі заңмен бекітілген ақшаның айналысын ұйымдастырудың нысаны.

Ақша белгілері – айналымда алтын немесе күміс ақшалардың белгілі бір мөлшерінің орнына жүретін ақша белгілері, олар – теңгеліктер, теңгелер, қағаз ақшалар мен банк билеттері.

Экономика – қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары жөніндегі ғылым.

Банк – кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың бос ақша тарату және шоғырландыру, төлемдерге делдалдық жасау, сондай-ақ ақша эмиссиясы, бағалы қағаздар шығару, қысқа мерзімді несие беру, қайтармалы төлемді және мерзімді несие беру, әр түрлі несиелер беру активті операция жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қаржылық мекеме.

Коммерциялық банк-шетел инвестицияларын және уақытша бос ақша қаражатын тиімді пайдаланудың жаңа нысандарын қолдау үшін құрылған коммерциялық банк.

Банк эмитент-айналымға ақша, бағалы қағаздар, төлем-есеп айырысу құжаттарын шығаратын банк.

Банк қаржылары-банктердің қарамағында бар және олар несиелік операциялар мен басқа да белсенді операциялар үшін пайдаланатын қаржы жиынтығы.

Банк депозиттері-салындылар, олар банктен белгілі бір ақша сомасын алуға құқық береді.Ол үшін не банкке эквивалентті мөлшерде ақша немесе басқа валюталар төлеу қажет, немесе несие берушінің есебінен алуға болады.

Банк несиесі-қарызға ақша бергені үшін алынатын төлем.Ол несиелік пайыз болып екі түрге бөлінеді, бұлар банктер қызметінің екі түріне: салындыларды сақтауға және қарыздар беруге сәйкес келеді.Банк пайыз (мүддесі) –бұл не банкирдің қарызға алған ақша үшін төлемі немесе банктен қарызға ақша алған адмның төлемі.Банк пайызының ең басты проблемалараның бірі-жиналған салындыларды пайда келтіретіндей етіп орналастыру.

Банк пайызы-қарызға ақша бергені үшін алынатын төлем.Ол несиелік пайыз және дебет-пайыз болып екі түрге бөлінеді, бұлар банк қызметінің екі түрне сәйкес келеді: салым сақтау және қарыз беру.Банк пайыз (мүддесі) – яки банкир қарызға алынған ақша үшін төлейтін төлем, яки банктен қарызға ақша төлейтін төлем.Банк пайызының басты проблемаларының бірі–жинақталған салымдарды пайда келтіретіндей етіп орналастыру.

Мемлекеттік реттеу – бұл экономикалық жүйеде істерді қамтамасыз ету немесе белгілі бір процестердің экономикалық құбылыстарын немесе олардың байланыстарының өзгеріп отыруын қадағалау мақсатында әсер етуінің нысаны.Бірінші жағдайда мемлекет әкімшілік әдіспен әрекет ете алады: заңдар, бұйымдар, инструкциялар, т.с.с. Ал екінші жағдайда – экономикалық: бағалар, салықтар,

нормалар,банк пайыздары және жазалау шаралары.

Бағаны меммлекеттік реттеу – нарықтық бағаның құрылуы процесіне мемлекеттің араласуы.

Мемлекеттік банк – бірыңғай эмиссиондық, кассалық және есеп айырысу орталығы.Ақша эмиссиясын іске асыратын және ақша айналымын ұйымдастыратын, қысқа және ұзақ мерзімді несие, халық шаруашылығында есеп айырысуды іске асыруды, мемлекет бюджетіндегі кассаның орындалуын, халықаралық несие және құнды металмен және шетел валютасымен, есеп айырысу операциясымен жұмыс жүргізеді.

Мемлекеттік бюджет – жыл сайынғы мемлекеттің табысы мен шығынын есептеу жүйесі.Бұл жүйені заң орындарында бекітіп отырады.

Еңбек биржасы – мемлекет мекемелерінде еңбек нарығы арасындағы операциясын жүргізу арқылы іске асырады.

Қор биржасы – бағалы қағаздарды сатып алу–сатуды реттеу міндетін атқаратын және арнайы ұйымдастырылған нарық.

Биржалық баға белгілеу – валюта бағамының, қор биржасындағы бағалы қағаздардың, туарлы биржадағы тауарлардың бағасын қою.

Баж салығы– баж комитетінің баж тұрғысында келіісім жасауа құқы бар бағалы қағаздар сатып алушылардан алынатын ақшалай түсім.

Биржалық пайда–бағалы қағаздармен және тауар биржасында көпшілік қолды тауарлармен сауда жасаудан алынатын табыс.

Биржалық келісімдер–бағалы қағаздармен,тауарлармен немесе шетелдік валютамен сауда келісімін жасау.

Биржалық сауда–биржаның дәнекерлігімен тауарлар мен бағалы қағаздар саудасы.

Биржалық айналым–белгілі бір кезеңде биржада бағалы қағаздармен жасалған келісімшарттар көлемі.Ол сатылған бағалы қағаздар бағасының сомасымен айқындалады.Сатылған бағалы қағаздардың мөлшері де қор биржасындағы биржалық айналымның көрсеткіші болып табылады.Биржалық айналым бәсеке қызып, күшейген кездері ұлғаяды да, ол дағдарысқа ұшырап, бәсеңсіген кездері күрт құлдырайды.

Бюджет–(ағыл.budget)–мемлекет, жергілікті органдар, кәсіпорын мен мекеме, отбасы немесе жекелеген адам үшін белгілі бір кезеңде арнап жасалынған ақшалай кірістер мен шығыстардың (түсулер мен пайдалану) баланысы.

Бюджет тәртібі–бюджетке төлемдер аударудың және бюджет қаржысын жұмсудан барлық кәсіпорындар,мекемелер, ұйымдар және лауазымды адамдар үшін міндетті тәртібі.

Бюджет тапшылығы–мемлекеттік бюджет бойынша шығыстың кірістен асып түсуі; инфляциялық процестерді өрбіту факторларының бірі, мемлекеттік қаржының дағдарысты жағдайының көрсеткіші болып табылады.

Виндикациялық талап–заңсыз біреудің мүлкіне ие болуына мүлік иесінің талабы,мүлкіне талап етуі.

Импорт–мемлекеттің ішкі нарық жағдайында сырттан сату үшін алып келетін тауарлар, қызмет, бағалы қағаз,т.б.

Импорттық дипозит–шетелден жеткізілетін тауар құнының бір бөлігін конверцияланатын валютамен алдын ала төлеуді талап ету жолымен шетелден алу әрекетіне шек қою құралы.

Инвестиция–күрделі қаржының әр қилы түрлері.

Инвестор–мемлекеттер шығаратын облигация акцияларына және басқа да бағалы қағаздарға қаржы жұмсайтын жеке адам немесе фирма.

Инвестиционалдық банк–банктің инвесторларға беретін кепілдемесі немесе консорциумға облигация немесе акцияны, яғни инвесторлар арасындағы бағалы қағаздарды орналастыру жөніндегі қатынас.

Инфрақұрылым–халық шаруашылығының салаларының жиынтығы, ол оның қалыпты жұмыс істеуін, қоғамдық еңбек бөлінісі барысында пайда болатын технология, өндірістік–экономикалық және ұйымдық байланыстардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Ипотека–несие алу үшін қозғалмайтын мүлікті кепілдікке беру.

Ипотекалық банк–қозғалмайтын мүлігін кепілдікке алып, ұзақ мерзімді ақшалай несие беретін, сондайақ қозғалмайтын мүлікті кепілдікке беруді қамтамасыз ететін кепілдік қағазын шығаратын несие мекемесі.

Ипотекалық сенім актісі–банктің зайым иесіне қозғалмайтын мүлікке берген борыш куәлігі.

Қарыз–бір жақ екінші жаққа меншікті немесе оперативті басқаруды, ақшаны немесе түр–түсі белгіленген заттард табыстайтын, ал қарыз алушы сол тектес және сапасы сондай затты немесе ақшаны қайтаруға міндетенетін шарт.

Ұжым–бір мақсатта біріккен, бір кәсіп орында, бір мекемеде,жұмыс істейтін адамдар тобы.Еңбек ұжымы дегеніміз–кей жағдайда бір кәсіпорынның жұмысшылар ұжымы деуге болады.

Делдалдық ақша операциясы–кейбір жеке адамның немесе кәсіпорын аттарынан басқа бір адамның немесе кәсіпорынның және солардың есебінен белгіленген келісім арқылы істелінетін сауда келісімі.

Делдалдық ақша кәсіпорыны–тапсырма бойынша және сенімді ерекше сыйлық арқылы тауарды сатып алатын және өткізетін сауда мекемесі.

Коммерция–қызмет және тауарды сатуға ат салысу немесе сатуға қатысу, сауда аралық жұмыс және сауда.Кең мағынада–кәсіпкерлік деген сөз.

Коммерциялық қызмет–пайданы шығару мақсатында ішкі заттарды, бөлшектерді, дайын тауарларды тұтынушыларға дайын етіп сату.

Коммерциялық есеп–кәсіпорынның ісіне пайда түсіруді қамтамасыз ету мақсатымен, кәсіпкерлік іс–әрекеттерді тұрақты ақылай түрде шығын шығарып жүзеге асырып отыратын шаруашылықты басқару әдісі.

Бәсеке–өнім өндірушілер арасындағы мүдделерін қанағаттандырудағы және тұтынушыларға өз өнімдерін, істелген жұмыс, көрсетілген қызметтерін ұсынудағы бақталастық.

Олигополиялық бәсеке–нарық жүйесіне тән, өте кішігірім фирмалар саны, олардың қай–қайсысының болмасын қимылы басқа фирмалар өндірісінің салаларына біраз әсерін тигзді.

Таза бәсеке–нарықтық жүйедегі өте көп біркелкі өнімді сатып алушылар мен сатушылар.

Кредит–несие берушілер борышқорға ақшаны не тауарды қайтарып беру шартымен немесе белгілі бір ақы төлегенде жеделдетіп қарыз беру барысында туатын эканомикалық қатынастар жүйесі.

Несие билеті– пайызға несие беретін адам, серіктес және т.б. несие иелері.

Несие иесі–белгілі пайызға несие беретін адам, серіктес және т.б. несие иелері.

Қисық сызықты өтім–тауар көлемімен графикалық суреттеу математикалық тәуелділік арасындағы баға деңгейі.Тәуелсіз нарық деңгейіндегі негізгі өткізу міндетіндегі қызмет сол қисық сызықты өтімді құруға және де түрлі коммерциялық шешімдерді тауар өнімін өткізуге байланысты.Сол қисық сызықтың көмегі арқылы тауар өнімін және оның бағасын тура анықтап, ең дұрыс коммерциялық саясатты белгілеуге болады.

Қисық сызықты сұраныс–кейбір тауарлардың бағасының өзгеруіне қарай сұранысы да өзгеріп тұрады: баға көтерілсе де, сұраныс төмендейді немесе тіпті көрсететін қисық сызық дәрежесі сондай тәуелді және икемді сұраныста тұратын бағаларын көрсетеді.

Биржалық дағдарыс–бағалы қағаздардың, әсіресе қор биржасындағы баға белгілену акцияларының, бағамдарының күрт төмендеуі және олардың эммиссияларының едәуір қысқартылуы.

Экономикалық дағдарыс–экономикалық циклдегі бір кезең.Ол қоғамдық капиталдың ұдайы өсу қарқыны мен жағдайының қалыптан шығуынан,өндірістік тауарлардың өтімділігінің шектелуінен, қуаттылықтың қысқартылуынан, жұмыссыздық пен банкроттың өсуінен білінеді.

Макроэканомика– елдің экономикасына қатысты процестер мен ірі маштаптағы экономикалық құбылыстарды зерттеуге арналған экономикалық ғылымның бөлімі.Айналымдағы жалпы ақша саны жеке инвестиция және жинақталған мемлекеттік ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жеке ұлттық байлығы сияқты, сондайақ жинақталған жалпы қортынды бойынша барлық шаруашылық көрсеткіштер айналасын зерттейтін макроэкономика.Сонымен бірге макроэканомика еліміз бойынша орташа экономикалық көрсеткіштерді; орта табысты, орташа еңбекақы төлеудә, инфляция деңгейін, жұмыссыздықты, жұмысбастылықты, еңбек өнімділігін зерттейді.Сонымен қатар макроэкономика еліміздің экономикасын сипаттайтын және ондағы экономикалық процестердің пайда болуын, құрылым пропорциясын, өсу көлемін анықтайтын пән.

Шағын кәсіпорын– кәсіпорындардағы жұмысшылар саны: өнеркәсіп пен құрылыста 200 адам ,100–ге дейін,басқадай өндіріс шеңберінде 50–ге дейін, өндіріс емес шеңберіндегі салаларда– 25–ке дейін, үстеме сауда 15 адамға дейін болатын жұмысшылар мен қызметкерлер.Халық шаруашылығының барлық салаларында, аралас және барлық шаруашылық түрлерінде шағын кәсіпорындар ұйымдастыруға болады.Шағын кәсіпорындар міндетті түрде лицензия алуы тиіс және өздерінің істерін лицензиялауды іке асыруы керек.

Кіші бизнес–капитал мөлшерімен,жұмыскерлердің санымен, салалық бағыты сияқты айрықша ерекшеліктерімен анықталады.Кіші бизнестің жүзеге асырылуына мемлекеттік демеу жүйесі көмек көрсетіп отырады.

Талап–заңнан келіп шығатын,талапкердің құқығы немесе екі жақты келісім жасаудағы жағдай негізінде, жауап берушіге арбитраждық тәртіпте талап етілуі немесе талапкердің сот арқылы ұсынып, алдына қоюы.

Кәсіпорын мүлкі–материалдық қаражаттың және затсыз активтердің жиынтығы.

Қағаз ақшалар–сауда айналымында қолданылатын мемлекет өз шығындарының орнын толтыру үшін шығаратын ақша белгілері.

Құн заңы–тауар өндірушілер арасындағы байланысты реттейтін,қоғамдық қажетті еңбек шығынымен өлшейтін, тауарды өндіру мен айырбастау оның құны негізнде сәйкес жұзеге асырылатын тауар өндіру жағдайындағы қоғамдық еңбекті бөлудің және ынталандырудыың обьективті экономикалық заңы.

Қамсыздандыру қоры–өндірісті үнемі жабдықтау және тұтыну, қаралған деңгейден төмендетпеу және үнемі жеткізіп тұру жөніндегі қамтамасыздандыру қорын айтады.

Негаторлық талап–өзінің жеке мүлкін қолдануына кедергі келтіретін бөгетті жоюға бағытталған меншік иесінің талабы.

Өндіріс қорлары–айналым қорының белгілі,өндіріс шеңберінде болуы.

Өндіріс шығындары–өнім өндіруге жұмсалған жанды және заттық айналған еңбектің жиынтығы.

Еңбекақы–еңбегіне қарай ақы төлеудің нысаны.

Рента–капиталдар, мүліктен немесе жерден түсіп отыратын және алушыдан іскерлік әрекетті талап етпейтін табыс.

Ренталық төлемдер–ұжымның іс–әрекетіне қатысынсыз өндірістің ерекше бір қолайлы табиғи,жол қатынастары немесе техникалық–экономикалық жағдайлардың ықпалы арқылы алынатын кәсіпорын пайдасының бір бөлігін мемлекеттік бюджетке енгізудің нысаны.

Рентабельділік–кәсіпорынның белгіі бір кезеңдегі жұмысының экономикалық тимділігн қортындылаушы көрсеткіші, бұл көрсеткіш олардың табыстылығы мен пайдалылығын сипаттайды.

Нарық–тауарлар айырбасының аясын көрсететін шаруашылықтың экономикалық категориясы.

Нарық еңбегі–жұмысшыларды пайдалану және еңбекақыны белгілейтін нарық.

Бағалы қағаздар нарығы–бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын қаржы нарығының бір бөлімі.Бағалы қағаздар нарығы кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің, жеке адамдардың сақтаған ақша қорларын жинақтап, оны қаржы мекемесінің ішкі құрылымдары арқылы өндірістік және өндірістік емес инвестицияға бағыттайды.

Нарық бағасы–нарықты сатып алу–сатуға жүретін баға.

Нарықтық тепе–теңдік– экономикалық заңдарға сәйкес сұраныстың және ұсыныстың тепе–теңдігі, тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныс көлемі мен құрылымы және оларды ұсынудың көлемі мен құрылымы арасындағы сәйкестілік.

Нарық күштері–еркін нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін және бағаны сатушылар мен сатып алушылардың мінез–құлқы бойынша айқындайтын жағдай.

Нарық процестері–нарықтың жай–күйі мен демеу деңгейін сипаттайтын экономикалық процестер.

Нарықтық инфрақұрылым–мекемелер мен ұйымдардың бағаларға тауарлар мен қызмет көрсетулердің еркін қозғалысын қамтамасыз ету жүйесі.

Нарықтық құн: 1. Тауарлардың, бағалық қағаздардың, валютаның, ағымдағы бағасы, сондай – ақ олардың мүмкін бағасының деңгейі; 2. Негізгі қорлардың құны.

Нарық стратегиясы – тауар – ақша қатынасының перспективасының белгілейтін және сұраныстың төлемде шамасы келетін қамтамасыз етудің негізгі бағыты.

Нарық механизімі – нарықтың негізгі элементтерінің өзара байланысы мен өзара әрекетінің механизімі: ұсыныстың, сұраныстың және бағаның, осылар арқылы сұраныс пен ұсыныс заңы және құн заңы әрекет етеді.

Нарықтық қатынас – нарықтың айырбас аясында болып тұратын сатушылар мен алушылардың арасындағы экономикалық қатынас.

Өзін – өзі басқару – еңбек ұйымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуы, шаруашылық қызметтерді жоспарлау, материалдық, ембек және қаржы қорларын пайдалану мәселеріне қатынасу.

Өзін – өзі қаржыландыру – шаруашылықты жүргізу әдісі, оның мәні бюджет қаржысын өндірісте кеңейтуге жұмсалатын шығынды өтеуге пайдаланудан бас тартуда жатыр.

Еркін бөлшек баға – отандық және импорттық тауарларға халыққа тауар сатуды жүзеге асыратын бөлшек сауда ұйымдары мен басқа кәсіп орындар дербес белгілейтін баға.

Өзіндік құн – кәсіпорынның өндіріске және өнімді өткізуге жұмсаған шығынның ақшалай көрінісі.

Маркетинк жүйесі – ферманы өз тауарларын өткізетін нарықтар мен байланыстыратын неғұрлым елеулі нарықтық қатынастар мен ақпарат тасқынының кешені.

Меншік – қоғамның материалдық немесе материалдық емес байланыстарын игілікке жаратудағы субьектілердің құқылығының жиынтығы.

Мемлекеттік меншік – бюджеттік және басқа да қорлардың есебінен сатып алынатын және жинақталынатын мүлік.

Бірлескен кәсіп орын – брлесіп басқарудың және шаруашылық есеп негізінде екі немесе оданда көп елдердің арасында өнеркәсіпте, жол қатынастарында, ғылыми – техникалық шеңберде, сауда және қызмет көрсету шеңберлерінде құралатын кәсіп орындар.

Сұраныс жиынтығы – мемлекеттік тауарға жалпы сұраныс пен қызмет көрсету.

Икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруіне сұраныс мөлшері сезімталдығының төмен болуы.

Икемді сұраныс - бағаның өзгеруіне сұраныс мөлшері сезімталдығының жоғары болуы.

Шексіз икемділік – мұндай жағдайда сұраныс қисық сызық көлденең түзу сызық түрінде болады: бағаның біраз ғана өзгеріс кезінде Q =8 ( шексіздік ).

Табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффиценті – сатып алушының табыс мөлшерінің өзгерісінен пайда болатын сұраныс мөлшерінің реакция өлшемі.

Сұраныстың қиылысқан икемділік коэффиценті – басқа тауардың бағасының өзгерісінен пайда болатын қарастырылып отырған сұраныс мөлшері реакциясының көрсеткіші.

Баға боиынша сұраныс икемділігі – берілген тауар бағасының өзгеруіне тауар сұраныс мөлшері реакциясының көрсеткіші.

Банктік несие – кәсіпорындарға және мекемелерге, халыққа кейіннен өз уақытында кері қайтарылытын банктің арнаулы беретін несиесі.

Қарыз капиталы – қарыз алушыға пайыз түрінде ақылы төлем қайтару жағдайында берілетін қарыз ақша қаржысы.

Қарыз пайызы – несие берушінің қарыз алушыдан ақшаны пайдаланғаны үшін немесе материалдық байлығын қолданғаны үшін алынатын төлем.

Тауар – бұл сатуға арналған еңбек өнімі, сондықтан ол бар жерде ақша нарығын анықтайтын базар туындайды.

Серіктестік – қоғам өмірінің кез келген салаларында өндірісте, ауыл шаруашылығында, құрлыста, саудада және т.б салаларда азаматтардың ұйымдасқан ерікті ынтымақтастығы.

Толық серіктестік – белгіленген келісім боиынша бірнеше адамдар немесе заңда құқығы бар серіктестіктердің өндірісте бірігуі.

Аралас серіктестік – белгіленген келісім шарт боиынша адамдар немесе заңды құқығы бар серіктестіктердің өндірісті жүргізу жөніндегі бірігуі.

Жер рентасы – ауыл шаруашылығында тікелей өндірушілер өндіретін және жер иелері иемденетін қосымша өнімнің бір бөлігі, жер меншігінің шығуына байланысты пайда болады.

Тұтыну бюджеті – халықтың түрлі топтарының қалыптасқан тұрмыс дәрежесін сипаттайтын ақшалай кіріс пен шығыс баланысы.

Тауар биржасы – жаппай өндірілетін тауарлар, ең бастысы шикі зат және азық – түлік тауарлар бойынша көтерме сауда айналымына негізделген ұйымдасқан сатып алу және сату нарығы.

Тауар қозғалысы – тауардың экспортшы, импортшы, көтерме бағамен сатып алушы арқылы өндірушіден сатып алушыға арналып бөлшек саудаға қарай қозғалу процесі.

Сұраныс факторы – елдің барлық шаруашылығы ауқымды экономикалық өсу шебепші болатын сұраныс денгейінің артуы.

Қаржы нарығы – нарық эканомикасының дәстүрлі элементі. Мемлекеттің қаражатпен қамтамасыз етілуі үшін акционерлік қоғамдары мен кәсіпорындардың бүкі қаражат ресурстарын жинақтау.

Баға – тауардың құны ақшамен белгіленеді.

Монополиялық баға – нарықта монополистік бірлестіктер белгілейтін және мол пайда алуын қамтамасыз ететін баға.

Сұраныс бағасы – тауарлардың тұтынушыларға ұсынылатын бағасы.

Ұсыныс бағасы – тауардың сатушыларға ұсынылатын бағасы.

Экономикалық саясат – мемлекеттік билік белгілі бір мақсаттарға жету үшін жүзеге асырылатын шаруашылық шараларының жүйесі.

Экономикалық заңдар – өндірістік қатынастар жүйесіндегі ішкі, елеулі, тұрақты, үнемі қайталанатын есеп – салдар байланыстары.

Эмиссия – айналымға банктік және қазыналық билеттер, қағаз ақша мен бағалы қағаздар шығару деген сөз.

Эмиссиялық банк – банк билеттерін шығаруға монополиялық құқық берілген банк.

Эмиссиялық салық – инфляция кезінде ақшаның құнсыздану нәтижесінде белгілі бір елдің халқы айырылатын мүлікпен табыстың бір бөлігі.