Жаңа тақырыпқа көпір: Әртүрлі типтегі мәліметтерді қайда қолдануға болады? Сабақ тақырыбы анықталады. «Ассоциация» әдісі. Оқушылар стаистикалық мәлімет туралы бар білетіндерін айтып, ассоциация жасайды, мұғалім толықтырады. Зерттеу Жинақтау ![](https://fsd.multiurok.ru/html/2019/06/08/s_5cfb6f14b2323/1170168_2.png) Нақты дерек Сандық сипаттама Статистикалық мәліметтерді есептеу программаларының бірі - Excel болып табылады. Excel программасының формуласында ұяшыққа сілтеменің 3 түрін пайдалануға болады: абсолютті, салыстырмалы, аралас. Осы 3 түрін үш тілде айтып, қайталатып, дәптерге жаздырады. Абсолютті адрестеу-Абсолютная адресация- absolute addressing. Салыстырмалы адрестеу- Относительная адресация- Relativ addressing. Аралас адрестеу – Смешанная адресация – Mixed addressing. Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында «Постер» әдісін қолдану. 1-топ: Абсолютті сілтеме 2-топ: Салыстырмалы сілтеме 3-топ: Аралас сілтеме Әр топтың партасында сілтеме, ұяшық, теңдік туралы қосымша ресурстар беріледі. Оқушылар өз топтарында жеке оқып, жұпта, топта талқылап болған соң, бірелсіп постер жасап, қорғайды. Бағалау: постерді қорғау деңгейлеріне байланысты шапалақтау Деңгейлік тапсырма: А деңгейі: 1. D3 ұяшығына – В3* ($C$ + D2) формуласы жазылған. Формуланы D4 ұяшығына көшіріп алсақ,неліктен формулада өзгерістер пайда болады? 2. В2 ұяшығына - $D$1 -3 формуласы жазылған: | А | В | С | D | Е | 1 | 10 | 6 | 5 | 3 | | 2 | 6 | | 1 |
4 | | 3 | | 14 | 2 | 5 | | 4 | | | | | | Формуланы А3 ұяшығына көшіріп, А3 ұяшығынан шыққан мәнді түсіндіріңдер. В деңгейі:Көрсетілген еуро ақша бірлігіндегі туристік жолдамалардың теңгедегі бағасын есептеңдер.1 еуро неше теңгені құрайтынын интернет арқылы анықтаңдар. Мемлекет | Бағасы (еуро) | Бағасы (теңге) | Франция | 536 | | Ұлыбритания | 678 | | Беларусь Республикасы | 385 | | Бразилия | 659 | | С деңгейі: Күнделікті газет сатылымынан алынған түсіммен бір аптада әр газеттен алынған түсімді есептеңдер. Қай жерде салыстырмалы , қай жерде абсолютті, жартылай абсолютті сілтеме қолданылатынын түсіндіріңдер. Апта күндері | «Алаш айнасы» дана | «Егемен Қазақстан» дана | «Алматы Ақшамы» дана | «Айқын» дана | Бір күндік түсім | Дүйсенбі | 23 | 10 | 5 | 34 | | Сейсенбі | 15 | 40 | 7 | 32 | | Сәрсенбі | 18 | 32 | 54 | 19 | | Бейсенбі | 29 | 30 | 43 | 18 | | Жұма | 24 | 14 | 27 | 13 | | Сенбі | 5 | 5 | 23 | 22 | | Жексенбі | 6 | 8 | 13 | 17 | | 1дана бағасы | 100 | 120 | 130 | 150 | | Әр газеттің апталық түсімі | | | | | | |