Просмотр содержимого документа
«Мамандығым мақтанышым»
Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Жарқамыс орта мектебі
«Мамандығым-мақтанышым» тәрбие шарасы
Ұйымдастырушы : Таскинбаева Тәттігүл Хамитқызы
жүргізуші:
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.
2 – жүргізуші:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
-Қайырлы күн , құрметті ұстаздар, арманы асқақ оқушылар мен қадірлі кеш қонақтары!
1- жүргізуші: Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер!
Сіздердің назарларыңызға «Мамандығым-мақтанышым» атты сыныптан тыс ақпаратты-сазды бағдарламамызды ұсынамыз. Мақсатымыз: осы бағдарламамызды ұсыну арқылы жаңа өмір бастағалы отырған жастарымызға жол көрсетіп, мамандықтар туралы мағлұмат беру
Ән-шашу .Қалел Ерік
2. Қонақтар өздерін таныстырады
Қазақ биі. Қыз балалар тобы
1.Атақты ғұлама Әл – Фараби:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз – дегендей бүгінгі шарамызға көп болып көсіліп, бір болып жұмылып атсалысайық демекшімін
Көркемсөз
2-жүргізуші:
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі.
«Мамандық» - Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс..
1-жүргізуші:
Ал сол мамандықты біздің оқушыларымыз қалай түсінеді, қалай қолданады – ойларын ортаға салсын.
Сұрақ бізден, жауап сізден. (келген қонақтарға оқушылар сұрақ қояды)
“Ең жақсы” Сергіту сәті ,ойын
1-жүргізуші:
Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді.
2-жүргізуші: Ал Абай атамыздың сөзімен айтар болсам: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Ойымды өзінің маржандай сөздерімен Айымгүл жалғастырсын. Ақынға қара сөзден өлең оңай. «Мақтанышым-мамандығым» жыр шумақтары Нұрай
Практикалық кезең
Шаштараз, электрик, мұғалім, дәрігер, кондитер, спортшы, полиция
Өз мамандықтарының қыр-сырымен таныстырады.Шебер – класс
Өмірде сұранысқа ие мамандықтар туралы мәлімет беру
Айгерім «Адамдық борыш» өлең оқиды
Қорытынды: Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім - білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі - болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін
Кері байланыс : кеш қонақтарының пікірі