СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 19.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ән- күй аспаптары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ән- күй пәніне арналған презентация Музыкалық аспаптар

Просмотр содержимого документа
«Ән- күй аспаптары»

Адырна — қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң-құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты-үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішектер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.

Адырна — қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң-құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады.

Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты-үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішектер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.

Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110-130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды.

Домбыра - қазақ халкының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалык аспаптын бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе кұрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы кұлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, куыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, коңыр, құлаққа жағымды.

Домбыра - қазақ халкының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалык аспаптын бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе кұрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы кұлақ күйге келтіріледі.

Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, куыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, коңыр, құлаққа жағымды.

Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу қүрылысы анағүрлым күрделі. Ол т ұ тас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру аркылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында -«Тәбльбасс

Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу қүрылысы анағүрлым күрделі. Ол т ұ тас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру аркылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр.

Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында -«Тәбльбасс" , қырғызда «Доолбас» деп аталады.

Жетіген — қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтсе де, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен — деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.

Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтың, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге — үш, төрт ішектілері және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе қүрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы-балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызыпда қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.

Желбуаз — үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел кезіне еленбеген к ө не музыкалык аспабынын бірі. Аспап илопген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұксас. Аузын бекітіп тұратын тығыны болады. Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. «Желбуаз» аспабын белгілі композитор Н. Тілендиев «Отырар сазы» оркестрінде қолданды.

Желбуаз — үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел кезіне еленбеген к ө не музыкалык аспабынын бірі. Аспап илопген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұксас. Аузын бекітіп тұратын тығыны болады.

Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. «Желбуаз» аспабын белгілі композитор Н. Тілендиев «Отырар сазы» оркестрінде қолданды.

Сақпан - өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі қазақ халқының көне музыкалық аспабының бірі. Ертеде үй тұрмысында, әсіресе мал шаруашылығында кеңінен қолданылған. Қойшылар көктемгі төл кезінде бұл аспаптың дыбысымен қой, қозы қайырған. Шаруалар егістікке қонған құстарды үркіту үшін де пайдаланған. Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің әуенін сүйемелдеген. Сөйтіп, сақпан музыкалық аспап дәрежесіне көтерілді.  Аспап жұқа тақтайшадан жасалады. Әуелі бірнеше тілшелерді дайындап, бір-біріне қаттап бекітеді және сыртьш өрнекпен әшекейлейді. Бұл аспапты сілкіп ойнайды.

Қоңырау - қазақ халқының ертеден келе жатқап сылдырмақты музыкалық аспабының бірі. Қоңырау дыбысы сыңғырлап шығатын металдардан әр түрлі көлемде жасалады. Сырт көрінісі шар тәріздес, іші қуыс, ортасында тілшесі болады. Аспаптың жеті музыкалық дыбыс қатары бар. Ертеде үй тұрмысында, малшылар арасында көп қолданылған. Далада бос жайылып жүрген малдың мойнына қоңырау таққан, өйткені қасқыр металдан шыққан дыбыстан қатты қорқады. Қоңырауды сол сияқты мектепте де қолданады. Бұл аспап арнайы кішкене балғашамен ұру арқылы дыбысталады.

Шаң қобыз — бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістін арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспапта жеке ән-күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!