Жазылымалды тапсырмасы Берілген сөздерді пайдаланып көлмен көлшікті сипаттап айтады. (3-тапсырма) Жазылым Сұрақтардың жауабын жаз. 1.Көлшіктің суы қандай болады? 2.Адамдар балықты неден аулайды? 3.Бу неден пайда болады? 4.Құдықтың суын ішуге бола ма? 5.Адамдар ащы суды іше ме? Тұщы суды іше ме? 6.Сенің отбасың суды қайдан алады? Мысалы: 1)Көлшіктің суы кішкене лас болады.Себебі,көлшік-ол жаңбыр жауғаннан соң жиналып қалған кішкентай көлді айтамыз.Сондықтанда, жаңбырдың əсерінен жер лайланып,көлшік лас күйге енеді. 2)Адамдар балықты көбінесе көлден аулайды 3)Мысалы,Жаңбыр жауады ғой,жердің барлығы суға айналады.Ертеңіне күн ысып кетсе,жаңағы сулардың барлығы құрғақ хəлге еніп,буға айналып ұшып кетеді. 4)Ия,құдықтың суын ішуге болады. 5)Адамдар тұщы суды ішеді. 6)Менің отбасым суды ... (өзің туралы жазасың) Кестемен жұмыс № | Сөйлемдер | Дұрыс | Дұрыс емес | 1 | Сусыз ағаштар, гүлдер, бақшалар қурайды. | | | 2 | Су таза, мөлдір болады. | | | 3 | Өсімдік сусыз өсе алады. | | | 4 | Жануарларға су керек емес. | | | 5 | Суды ластамау керек. | | | 6 | Мен суды үнемдеймін. | | | 7 | Өзен, көлдің суына қоқыс тастауға болмайды. | | | 8 | Өзенге, көлге кір жууға болады. | | | 9 | Табиғатта тұщы су көп. | | | 10 | Табиғатта ащы су көп. | | | 1. Сусыз жасалатын тағамдарды білесіз бе? 2.Судың қандай пайдасы бар? 3.Күніне қанша литр су ішесіз? 4. Суды қалай үнемдеуге болады? 5.Судың адам өміріндегі маңызына тоқталыңыз. 6.Қазақстанда суды сақтау қорлары бар ма? Сіздің берер бағаңыз қандай? Тыңдалым мәтіні Су- тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - деп жазады. Мысалы, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, ұйқыны реттейді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті көтереді. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғап, теріні ылғалдандырып, емдейді. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал, денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен. Өзара бағалау Оқушылар бағалау стикерлерін әр топтың постеріне жабыстыру арқылы жұмысты бағалайды. Кері байланыс -
Бүгінгі сабақта қиыншылық кездесті ме? Сіз оны қалай жеңдіңіз? -
Бүгін не білгіңіз келіп еді, мақсатыңыз орындалды ма? -
Сіз бүгінгі сабақтың оқу мақсатына жеттіңіз бе? |