Мотивациялық қозғаушы кезең | Шаттық шеңбер: - Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды даламыз, Қайырлы күн, достарым Қайырлы күн, ұстазым! Қайталау: «Дыбыстың үйін тап» ойыны: Мақсаты: баланың өткен дыбыстарды ажырата алуын дамыту. Шарты: Балаларға кеспе әріптер көрсетіледі, балалар сол әріптерді, дыбыстарды дауысты, дауыссыз екендігін ажыратып, көк, қызыл үйге апарады. 2. «Қызықты кубикті» қолдана отырып, балаларға өткен дыбыстарды естеріне түсіріп, сол әріптерге байланысты сөздер айтқызу. | Мұғалімнің айтқанын қайталайды Ойын тапсырмасы шарты бойынша орындайды. Балалар берілген нұсқау бойынша тапсырманы орындайды. | Ұжым бойынша Жеке жұмыс Топпен жұмыс |
Ұйымдастыру ізденушілік кезең | №1. Жұмбақ шешу 1.Аяғы төртеу, жүре алмайды, Не жатып бір сәт те дем алмайды. Отырған адамға дап-дайын, Тік ұстап тұрар тақтайын. Дұрыс айтасыңдар, кәне орындықтың орысшасын айтайықшы? -орындық -стул 2. Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар Дұрыс айтасыңдар, кәне қой сөзінің орысшасын айтайықшы? Қой – баран 3. Сылдырдан қорқады, Жүгіріп жортады. Қоянның орысшасы қалай? Қоян – заяц Дұрыс айтасыңдар, кәне сөзінің орысшасын айтайықшы? Жұмбақтың шешіміндегі суреттер тақтаға ілінеді. Балалар, осы сөздерде О дыбысы жиі естіледі. №2. Буынға бөлу. №3. Дыбыстық талдау -Балалар енді осы суреттегі сөздерге дыбыстық талдау жасайық. (Бір бала тақтада, ал қалған балалар өз алдарында орындайды.) №4. -Балалар, «О» дыбысы басында, ортасында, аяғында кездесетін сөздерді айтыңдар. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Мойнымызды бұрайық, Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып жұмайық. Содан соң қолды түсіріп, Алақанды соғайық. Жаттығу жасап осылай, Үлкен болып шығамыз! -Балалар, біз сергіп алсақ енді «О» әрпінің қалай жазылатынын үйренейік. - Ауада жазу - Тақтаға жазып көрсету №5Дәптермен жұмыс -Балалар дәптердегі «О» әрпін жазып шығыңдар. №6. Дыбыстық модельге сәйкес сөз ойла. Берілген модель бойынша сөз құрайды (доп, ата, ойын, қоян) №7. Бекіту әдісі Сөздерді буынға бөл. Шарты: Балалар жұп болып бірігеді. Оларға карточкалар таратылады. Балалар соған сәйкес тапсырманы орындайды. Яғни, сөздерді буынға бөліп, сәйкес жәшікке орналастырады. 2. «Сөйлем құра». Балалар тақтада берілген сөйлем моделіне заттық суретті пайдалана отырып, сөйлем құрайды. | -Орындық -орындық -стул -Қой Қой-баран Қоян Қоян-заяц О дыбысы Қой,қо-ян, О-рын-дық көк, қызыл текшелермен суреттегі сөздерді жазады. -от, ою, орман, орындық, оқушы -қоян, домбыра, қоңыз Қимылдарды қайталайды Балалар қайталайды Балалар жазу дәптерлеріне «О» әрпін жазады Берілген сызба бойынша сөз құрайды Берілген модельдерге байланысты сөздер айтады. Берілген тапсырманы балалар орындайды. | Ұжыммен орындайды Ұжым бойынша Ұжыммен орындайды Жеке – жеке өз алдарында орындайды. Ұжыммен орындайды Барлығы бірге орындайды Ұжыммен орындайды Жеке – жеке орындайды Ұжыммен жұмыс Жұппен орындайды Ұжыммен жұмыс |
Рефлекциялық кезең | -Бүгін қандай дыбыспен таныстық? -«О» дыбысы қандай ? -«О» дыбысы басында кездесетін сөздер айтыңдар? -Біз бүгін қандай тапсырмалар орындадық? Бағалау. Балаларды мадақтау арқылы жұлдызша таратылып беріледі. | «О» дыбысы Дауысты дыбыс -от, ою, оймақ, орындық, орман -Дыбыстардың үйін таптық, дыбыстық талдау жасадық. | |