СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

 

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Шаңғымен нық адымдап жүру.

Мақсаты:

 а). Бір қатар сапқа тұруға үйрету.

ә). Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.

б). Шаңғымен нық адымдап жүруді үйрету.

 Құрал- жабдықтар: ұзын сапты 5 жалауша, шаңғылар.

Іс- әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаңғы тебу алаңында сырғанап жүреді.

2. Педагогтың артынан бір қатар тізбекпен жүреді.

Еркін сырғанайды. Иректелген шаңғы тебу алаңында жалаушалардың арасымен сырғанап жүру.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

1. Далада заттарсыз орындалатын ЖДЖ:

Б.қ: негізгі тұрыс.

1-қолды екі жаққа созу:

2-Қолдарды жоғары көтеріп, қол шапалақтау;

3- қолды екі жаққа созу;

4- бастапқы қалып.

Б.қ: аяқты сәл ашып, қолды белге қою.

1--қолды екі жаққа созу:

2-алға иіліп, қол шапалақтау;

3- түзу тұрып, қолды екі жаққа созу;

4- бастапқы қалып.

Б.қ: аяқты иықтың деңгейінде қою, қолды белге қою;

1- қолды екі жаққа созу;

2-алға иілу, оң аяқтың тізесінің астында қол шапалақтау;

3- түзу тұрып, қолды екі жаққа созу;

4- бастапқы қалып.

Б.қ: негізгі тұрыс, қолды белге қою.

1-отыру, қол шапалақтау;

2- тұру , бастапқы қалыпқа оралу..

2. Қыста  далада тыныс алу жаттығулары.

3. Шаңғымен  нық адымдап жүру. Педагог қалай жүру керектігін түсіндіреді, іс жүзінде өзі көрсетеді: шаңғының басын көтеріп, бір орында жүру, алға нық адымдап жүру.

4. Төбешікке «Шырша» әдісі арқылы көтерілуді түсіндіру, көрсету.

Жаттығуларды 5,6 рет қайталау.

 

 

Жаттығуды педагог көрсеткеннен кейін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұрын арқылы дем алып, дем шығарады. Педагог көрсеткеннен кейін алға нық адыммен жүреді.

Просмотр содержимого документа
«Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта»



Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта


Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Шаңғымен нық адымдап жүру.

Мақсаты:

а). Бір қатар сапқа тұруға үйрету.

ә). Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.

б). Шаңғымен нық адымдап жүруді үйрету.

Құрал- жабдықтар: ұзын сапты 5 жалауша, шаңғылар.

Іс- әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаңғы тебу алаңында сырғанап жүреді.

2. Педагогтың артынан бір қатар тізбекпен жүреді.

Еркін сырғанайды. Иректелген шаңғы тебу алаңында жалаушалардың арасымен сырғанап жүру.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

1. Далада заттарсыз орындалатын ЖДЖ:

Б.қ: негізгі тұрыс.

1-қолды екі жаққа созу:

2-Қолдарды жоғары көтеріп, қол шапалақтау;

3- қолды екі жаққа созу;

4- бастапқы қалып.

Б.қ: аяқты сәл ашып, қолды белге қою.

1--қолды екі жаққа созу:

2-алға иіліп, қол шапалақтау;

3- түзу тұрып, қолды екі жаққа созу;

4- бастапқы қалып.

Б.қ: аяқты иықтың деңгейінде қою, қолды белге қою;

1- қолды екі жаққа созу;

2-алға иілу, оң аяқтың тізесінің астында қол шапалақтау;

3- түзу тұрып, қолды екі жаққа созу;

4- бастапқы қалып.

Б.қ: негізгі тұрыс, қолды белге қою.

1-отыру, қол шапалақтау;

2- тұру , бастапқы қалыпқа оралу..

2. Қыста далада тыныс алу жаттығулары.

3. Шаңғымен нық адымдап жүру. Педагог қалай жүру керектігін түсіндіреді, іс жүзінде өзі көрсетеді: шаңғының басын көтеріп, бір орында жүру, алға нық адымдап жүру.

4. Төбешікке «Шырша» әдісі арқылы көтерілуді түсіндіру, көрсету.

Жаттығуларды 5,6 рет қайталау.



Жаттығуды педагог көрсеткеннен кейін орындайды.














Мұрын арқылы дем алып, дем шығарады. Педагог көрсеткеннен кейін алға нық адыммен жүреді.

Рефлексиялық түзетушілік

Сабақ соңында балаларға оқу іс- әрекетінде қол жеткізген жетістіктерін айтып, оларға алғыс білдіреді.

Өздерінің жетістіктеріне қуанады





Күтілетін нәтиже:

Орындайды: шаңғымен нық адымдап жүруді;

Түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

Қолданады: төбешікке «Шырша» әдісі арқылы көтерілу дағдысын.















Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта


Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Шаңғымен сырғанап адымдауды үйрету.

Мақсаты:

1. Оңға және солға адымдап жүрумен таныстыру;

2. Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3. Бір орында тұрып аяқты ауыстырып басып бұрылуды қайталау.

Құрал- жабдықтар: шаңғылар, 4 жалауша, қақпа.

Іс- әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Бір қатар сапқа тұру.

Шаңғыны аяқ өкшесін оның басымен бір деңгейде ұстап тұрып көтеруге үйрену.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

1. Далада заттарсыз орындалатын ЖДЖ:

Б.қ: негізгі тұрыс.

1-қолды екі жаққа созу:

2-Қолдарды жоғары көтеріп, қол шапалақтау;

3- қолды екі жаққа созу;

4- бастапқы қалып.

Б.қ: аяқты сәл ашып, қолды белге қою.

1--қолды екі жаққа созу:

2-алға иіліп, қол шапалақтау;

3- түзу тұрып, қолды екі жаққа созу;

4- бастапқы қалып.

Б.қ: аяқты иықтың деңгейінде қою, қолды белге қою;

1- қолды екі жаққа созу;

2-алға иілу, оң аяқтың тізесінің астында қол шапалақтау;

3- түзу тұрып, қолды екі жаққа созу;

4- бастапқы қалып.

Б.қ: негізгі тұрыс, қолды белге қою.

1-отыру, қол шапалақтау;

2- тұру , бастапқы қалыпқа оралу..



2. Шаңғыларды бір орында тұрып, кезек- кезек көтеру(бір орында тұрып жүру).

3.Бір орында тұрып бұрылу: сол жақ шаңғыны көтеріп(өкше аяқ басынан төмен болмауы керек), оны жарты қадам сол жаққа қою, сонымен қатар оң жақ шаңғыны көтеріп, оны да солға қарай жалғастырып қою.

4. Шаңғымен сырғанап адымдауды үйретуді жалғастыру.

5. «Күн мен түн» ойыны. Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Бір команда «күн» болса, екінші команда «түн» болады. Педагог «түн» дегенде, «түн» тобы үйге қарай жүгіреді, ал «күн» командасы олардың артынан қуады. Ұсталғандар ойыннан шығады. Содан соң орындарын алмастырып, ойынды әрі қарай жалғастырады.

Жаттығуларды 5,6 рет қайталау.



Жаттығуды өз бетінше орындау.

























Педагог көрсеткеннен кейін бірнеше рет қайталап бұрылады.



Шеңбер бойы адымдап сырғанайды.

Ойынды ұжым болып қызыға ойнайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Тыныс алу жаттығуы: мұрынмен жиілете дем алу және дем шығару.

Жиіліте дем алу және шығару.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: оңға және солға адымдап жүруді; сырғанап адымдауды;

Түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

Қолданады: бір орында тұрып аяқты ауыстырып басып бұрылу дағдысын.

Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта


Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Таза ауадағы қысқы ойындар.

Мақсаты:

1. Таза ауада ойнатылатын қысқы ойындармен таныстыру.

2. Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3. Ойын ережесімен таныстыру және оларды орындауға жаттықтыру; жүру түрлерін жаттықтыру.

Құрал- жабдықтары: 4 шана, 6 жалауша, бала санына қарай шығыршық, нысана, хоккей немесе теннис добы, имек таяқ, қақпа.

Іс- әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Бір қатар тізбекке тұру.

2. Алаңды айналып жүру.

3. Аяқты қиюластыра жүру(сол аяқты оң аяқтың алдына қою, оң аяқты сол аяқтың алдына қою), әрбір қадам жасаған сайын алға қарай иілу.

4. Қолдарды екі жаққа созып, тізені жоғары көтеріп және қолды төмен ұстап жүру.

5. Жүру, жүгіру, жүру( іс- әрекеттерді алмастырып отырады).

Педагог нұсқауын орындайды, жаттығуларды қайталайды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

1. Шығыршықпен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ: аяқтарды иық деңгейінде қою, шығыршықты оң қолмен ұстау. Қолды алға қарай созып, түзу ұстау, шығыршықты екінші қолға ауыстырады, қолдарды төмен түсіру.

Б.қ: аяқтар аздап қана алшақ қойылады, шығыршықты екі қолмен кеуде тұсында ұстау. Отырып , шығыршықты еденге қойып, тіктеліп, қолды артқа жіберу, шығыршықты қолға алып, бастапқы қалыпқа келу.

Б.қ: аяқтың ұшымен отыру, шығыршықты екі қолмен ұстау. Орындарынан тұрып, шығыршықты бастан асырып көтеру, бастапқы қалыпқа келу.

Б.қ: аяқтар аздап қана алшақ қойылады, шығыршық еденде жатады. Шығыршық арқылы секіру.

2. «Шеңбер ішіне дәлдеп лақтыр» ойыны. Шарты: қатар-қатар диаметрі 50-60 смболатын екі шеңбер сызылады. Балалар олардан екіге бөлініп, 8-10 м қашықтықта тұрады. Педагогтің белгісі бойынша шеңбер ішіне қар кесектерін лақтырады. Шеңбер ішіне көп қар кесектерін лақтырған топ жеңіске жетеді.

3. « Кім бірінші?» ойыны (шанамен сырғанау). Шарты: екі топқа бөлінеді. Сөре сызығынан 15-20м қашықтыққа жалауша тігіледі. Бір бала шанаға отырады, екіншісі оны жалаушаға дейін сүйрейді. Жалаушаға жеткеннен соң орындарын ауыстырады.

4. «Хоккей» ойыны. Шарты: балалар екі командаға бөлінеді. Қысқы футбол алаңында хоккей ойынын ойнайды.


Жаттығуларды 6-8 рет қайталау.



Жаттығуды өз бетінше орындау.









Балалар шеңбер ішіне қар кесектерін дәлдеп лақтырады. Шапшаң қимылдайды.







Әр бірінші келген жұп 2 ұпайдан жинайды. Ұпайды көп жинаған топ жеңімпаз атанады.

Ойын барысында бірін бірі итермей, ойын шартын бұзбауға тырысады.

Рефлексиялық түзетушілік

Шаңғы сырғанап жүрген сияқты жүру.

Сырғанап жүріп, тыныс алу жаттығуларын орындайды.





Күтілетін нәтиже:

Орындайды: таза ауада ойнатылатын қысқы ойындарды:

Түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын:

Қолданады: ойын ережесімен таныстырып және оларды орындау дағдысын.



































Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта


Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Алға қарай баспен домалау.

Мақсаты:

1. алға қарай домалауды уйрету.

2. Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3. Допты лақтыруды және қағып алуды бірнеше рет қайталау; бір орында тұрып биіктікке секіруге жаттықтыру

Құрал- жабдықтары: арқан, 4 гимнастикалық төсеніш, үлкен доптар, секіруге арналған 2 сырық ағаш, жіп.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс – әрекеті.

Балалардың іс- әрекеті.

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Жүру

2. Еденде

жатқан арқан үстімен жүру.

3.Бірде жүгіріп,бірде жүру.

4. Төртке дейін санап, төрт қатар сапқа тұру.

Қолдарын екі жаққа созып жүру.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

1. Заттарсыз орындалатын ЖДЖ:

Б.қ: негізгі тұрыс. Оң қолды желкеге қою, сол қолды сол жаққа созу, ақырындап шалқаю,б.қ.оралу.

Б.қ: негізгі тұрыс,қолдарын артқа ұстап тұру. Тізеден бүгілген оң аяқты жоғары көтеріп, денені түзу ұстап тұру.б.қ келу, тура осылай сол аяқпен де орындалады.

Б.қ: тізерлеп тұрып, басты төмен түсіріп тұру. Сол аяқты артқа қарай бүгу, басты артқа шалқайту. Б.қ. келу, тура осылай сол аяқпен жасалады.

Б.қ: негізгі тұрыс. Аяқ ұшымен отырып тұру, саусақтарын өкшеге тигізу, б.қ келу. Қарқын баяу.

Б.қ:шалқадан жатып, екі қолды жоғары көтеру. Аяқтарын бүгіп, екі қолымен құшақтап, сонан соң иіліп, басын тізеге тигізу. Б.қ келу.

Б.қ: негізгі тұрыс, қолдарын белге қою. Оң жаққа бұрылып, төрт рет секіру, сол жаққа бұрылып, төрт рет секіру.

Б.қ: негізгі тұрыс. Бір орында тұрып жүру.

Б.қ: негізгі тұрыс. Оң қолды белге қою, сол қолды белге қою,оң қолды басқа қою, сол қолды басқа қою, оң қолды белге қою, сол қолды белге қою, оң қолды төмен түсіру, сол қолды төмен түсіру.

2. Акробатикалық жаттығулар: еденде отырып, бастапқы қалпынан алға қарай домалауды түсіндіру және іс жүзінде көрсету. Педагог балаларға домалауға көмектеседі.

3. Үлкен допты лақтырып ойнау.

Балаларды арақашықтықтары 3 адымнан шеңбер бойынв тұрғызады. Бір-біріне допты қалай лақтырып, қалай қағып алуды түсіндіреді, көрсетеді.

4. Бір орында тұрып биіктікке секіру.

5. «Жапалақ» қимыл қозғалыс ойыны. Шарты: алаңның бір шетіне «жапалақтың ұясы» белгіленеді. Балалардың бірі сол кезде « жапалақ» ұясынан ұшып шығып, қозғалып қойған «шегірткені» немесе «көбелекті» ұясына алып кетеді. Балалардың бірі шегіртке, бірі кішкентай құс болып залда еркін жүгіріп, секіріп жүреді. « Түн" деген белгі бойы»ша ойыншылар бір орындарында қатып қалады.

Жаттығу өз бетінше орындалады.


Жаттығуды 4-5 рет қайталайды.










Алдымен 2,3 бала алға домалауды педагогтің көмегімен орындап көрсетеді.сонан соң қалған балалар алға домалауды кезектесіп, бір бірден орындайды.

Балалар оң аяқты алға, сол аяқты артқа қойып, кезек кезек бір біріне доп лақтырады, допты қағып алады.

Ойын барысында бірнеше бала «жапалақ» рөлін алмастырып отырады.

Рефлексиялық түзетушілік

Дабылдың соғылуына қарай 4 адым аяқтың ұшымен, 4 адым өкшемен,4 адым табанның сырты және 4 адым табанның ішімен жүру.




Күтілетін нәтиже:

Орындайды: алға домалауды.

Түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

Қолданады: допты лақтыруды, оны қағып алу және бір орында тұрып биіктікке секіруді.









































Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта



Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Жүгіріп өту.

Мақсаты:

1. алға қарай домалауды қайталау.

2. Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3. Жүгіріп өту менұзын секіртпемен секіруді жаттықтыру.

Құрал- жабдықтары: 4 гимнастикалық төсеніш, ұзын секіртпе, қапшық.

Іс әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

1. Жамбасты биікке көтеріп, аяқты артқа қарай сілкіп жүру.

2. Төрт қатарлы қимыл- қозғалыс, сапқа тұру.

3. Шапшаңдықпен 15-20 метр қашықтықты жүріп өту және баяу 1-1,5 минут жүру.

Қолдарын белге қою.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

1. Қапшықпен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ: негізгі тұрыс, қолдарын белге қою, қапшықты басқа қою. Ақырындап сол аяқты артқа қарай бүгу. Б.қ. оралу, тура солай оң аяқпен де жасалады. Қарқын баяу. Б.қ: тіземен тұру, аяқтардың арасын аз ғана ашып қою, қолдарын екі жаққа созу, қапшықты сол қолда ұстау. Артқа қарай шалқайып, денені оңға бұру, қапшықты еденнің үстіне аяқтар арасына қою. Артқа шалқайып, жамбасты оңға бұру, қапшықты аяқтың арасына қою.

Б.қ оралу, сол жаққа бұрылу, қапшықты сол қолға алу. Б .қ оралу.

Б.қ: аяқтың арасын кең ашу, қолды артқа қою, қапшықты басқа қою. Сол аяқты тізеден бүгу. Б.қ. оралу, тура солай екінші аяқпен жасау.

Б.қ: отыру, оң тізенің жанында еденде қапшық жатады. Аяқты көтеру, оларды қапшықтың оң жағына түсіру.б.қ. оралу.

Б.қ.: негізгі тұрыс. Қолдарды белге қою, қапшықты басқа қою. Бүгілген сол аяқты алға көтеру.

Б.қ. оралу, аяқпен жасау.

Б.қ: аяқтарды ашып тұру, қапшықты қолмен баста ұстап тұру. Алға және артқа шалқаю, қапшықты сол аяқтың басына тигізу.

Б.қ. оралып, тура солай екінші аяқпен де жасау.

Б.қ: негізгі тұрыс, аяқтың алдына қапшықты еденге қою. Қапшық арқылы секіріп өту, дөңгелене бұрылып қарғу, қайтардан қапшық арқылы секіру, дөңгелене бұрылып қарғу және т.с.с

2. Бір орында тұрып жүру.

3. Акробатикалық жаттығулар.

Алға қарай баспен домалауға үйретуді жалғастыру. Алға қарай баспен домалап барып, жинақталып отыру, одан кейін қолға сүйенбей, артқа қарай қайта домалау, алға қарай домалау, отыру қалпына келу.

Тепе-теңдікті жоғалтпай, жеңіл түзу тұру.

4. Ұзын секіртпемен орындалатын жаттығулар:

1-жаттығу. Жоғарыда айналып тұрған секіртпенің астымен жүгіріп өту, екінші бала екінші жағынан қарама қарсы жүгіріп өтеді.

2- жаттығу. Төменде айналып тұрған секіртпенің үстімен жүгіріп өту, екінші бала екінші жағынан қарама-қарсы жүгіріп өтеді.

5. «Өз жалаушама қарай» ойыны.

Шарты: балалар 3 топқа бөлінеді де, әр топ балаларына үш түрлі жалауша таратылады. Балалар алаңда шашырап жүріп, педагогтің белгісі бойынша тоқтайды. Қайтадан шашырап жүреді. Педагогтің екінші берген белгісімен топ бойынша үш қатар сапқа тұрады.



Бұл жаттығулар кешенін орындау біліктері тексерілетіндігін балаларға ескеру.






Жаттығулар педагогтен кейін орындалады.



Жаттығуды 4-6 рет қайталау.















Алға домалау кезінде педагогтің нұсқауын мұқият орындайды.





Айналып тұрған секіртпенің астынан секіртпеге денелерін тигізбей өтуге тырысады.


Қатарға бірінші тұрған топ жеңіске жетеді. Қатарларын ауыстырып алған балалар қолдарындағы жалаушалары арқылы анықталады.

Рефлексиялық

түзетушілік

Баяу, екпіндерін үдете жүру.

Музыка әуенімен жүреді.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: айналып тұрған секіртпенің астынан жүгіріп өте алуды және ұзын секіртпемен секіруді;

Түсінеді: акробатикалық жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

Қолданады: алға қарай баспен домалай алу дағдыларын.









Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Акробатика.

Мақсаты:

1. Балаларға дұрыс тыныс алу туралы әңгімелеу.

2. Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3. Таңертенгі гимнастика кешенін орындау білігін тексеру; артқа және алға домалауды қайталау.

Құрал- жабдықтары: 4 гимнастикалық матрас.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Сапқа тұру. Сәлемдесу.

Жүру:

- әдеттегі жүріс;

- тізені жоғары көтеріп жүру;

- аяқтарын артқа қарай лақтырып жүру:

- табанның ішкі қырымен жүру;

-сыртқы қырымен жүру;

- аяқтың ұшымен;

-аяқтың өкшесімен;

-жартылай отырып жүру.

Жүру мен жүгіру ауысып тұрады.

Қолдарын түрлі қалыпта ұстап жүреді. Педагогтің нүсқауын мұқият тыңдап, айтқандарын орындайды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

1. Жалаушалармен орындалатын ЖДЖ:

-бір сапқа тізіліп, жалаушаларды қолға ұстап жүру: педагогтің белгісі бойынша балалар қолға арналған жаттығуларды орындайды.

–Б.қ: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде.

1- жалаушаларды алға созу;

2- жалаушаларды жоғары көтеру;

3- жалаушаларды екі жаққа созу;

4-бастапқы қалып.

Б.қ: иықтың деңгейіндегі аяқтың тұрысы, кеуде тұсында жалаушаларды ұстау.

1- оңға бұрылу, оң қолды бір жаққа созу;

2- бастапқы қалып.

Б.қ: негізгі тұрыс,жалаушалар төменде.

1-2- отыру, жалаушаларды алға қарай созу;

3- бастапқы қалып.

Б.қ: иықтың деңгейінде аяқтың тұрысы, жалаушалар төменде.

1- жалаушаларды екі жаққа созу;

2- сол аяққа алға қарай иілу;

3- екі қолды екі жаққа созу, тік тұру;

4- бастапқы қалып.

Б.қ: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде.

1-8 дегенде екі аяқпен секіру, шағын кідіріс, одан кейін қайтардан секіру.

Б.қ: негізгі тұрыс,жалаушалар төменде.

1-2- оң аяқты артқа созып, еденге ұшымен қою, жалаушалар жоғарыға көтеріледі;

3-4- бастапқы қалыпқа оралу. Дәл солай сол аяқпен жасау.

Негізгі акробатикалық жаттығулар:

1. Қолды тіреп отыру, қолды тіреп жату, аяқты бүгіп иілу.

2. Жетекшінің көмегімен «өпірше» жасау.

3. Бір орында тұрып секіру.

4 « Фигура жаса» ойыны.


6-8 рет қайталау


Жаттығулар жетекшінің (бала) соңынан орындалады.
























Жаттығулар педагогтің нұсқауымен орындалады.

Залда шашырап жүреді. Педагогтің белгісі бойынша орындарында «қатып» қалады.

Рефлексиялық түзетушілік

Зеректілікке арналған жаттығу.

Балалар көздерін жұмып тұрады. Белгі бойынша балалар бір қадам алға басады.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жүрудің түрлерін;

Түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

Қолданады: акробатикалық жаттығуларды.


































Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Қысқа секіртпемен секіру.

Мақсаты:

1. Өз жүрісін қадағалау тәсілдерін қайталау.

2. Алға қарай домалауды қайталау.

3. қысқа секіртпе арқылы секірулерді қайталау.

Құрал- жабдықтары: гимнастикалық маттар(төсеніштер), қысқа секіртпелер (балалардың санына қарай) , доптар.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық

қозғаушылық

1. Сызықтар арасымен тар жолмен жүгіру.

2. Жүріс: сырғымалы қадаммен.

3. Жүріп келіп шеңбер құру.

Сол аяқтан бастап екі қадам жасау және оң аяқтан – екі қадам, екі қадам оңға, екі қадам солға.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

1.ЖДЖ: жүріс-тұрысқа арналған арнайы аттығулар:

Б.қ: негізгі тұрыс. Қолдарын алға қарай, жоғары, екі жаққа созу және төмен түсіру.

Б.қ: екі аяқтың арасын ашып тұру, қолдарын жоғары созу. Сол жаққа иіліп, қолдарын бастан асырып, шапалақ соғужәне б.қ оралу, дәл солай оң жаққа қарай.

Б.қ: қолдарын екі жаққа созу. Тізе бүгіп отыру, б.қ. оралу.

Б.қ: қолдарын алға созу. Алға қарай еңкею,қолдарын артқа ұстау,б.қ оралу. Залда шашырап кету.

Б.қ: теріс тұру, қолдарын белге қою. Қабырғаға сүйеніп, сол және оң жаққа қарай иілу.

2. Шеңбердің бойымен алға қарайжылжып секіру.

3.Алға қарай иіліп жүру.

4.Акробатикалық жаттығулар. Алға қарай домалауды қайталау.

Жаттығулар:

1. Б.қ: маттар арасында отыру. Алға қарай домалау , одан кейін сүйеніп, қолды жоғары созу қарай секіру, тепе-теңдікті сақтап қалып, жерге жұмсақ түсу.

2.Б.қ: дәл солай. Артқа қарай домалау, алға қарай домалау, отырып сүйену, алға қарай домалау, қолдарын басынан жоғары асырып шапалақ соғу, алға қарай секіру.

3.Б.қ: дәл солай. Артқа қарай домалау, алға қарай домалау, отырып сүйену, алға қарай домалау, артқа қарай домалау,алға қарай домалау, артқы жағынан қол соғып, алға қарай секіру.

4. Қысқа секіртпе арқылы секіру.

5. «Доптарды қуу» ойыны.

Шарты: ойыншылар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарап екі сап түзеп тұрады. Бірінші ойыншылардың бір волейбол добы бар. Педагогтің белгісі бойынша бірінші ойыншылар көршілеріне допты береді. Ал олар өз кезегінде келесілерге береді, осылайша қатардағы соңғы ойыншыға дейін жалғасады. Соңғылары допты алып, өздерінің қатарларының артқы жағында жүгіреді де, бірінші болып тұрады және доптарды сол ретпен, қатарлар бойымен береді. Ойыншылар қатарлардың соңғы ойыншысы болып тұрса, ойын аяқталады. Көршісінен допты алып, өз орындарына қайтып оралады.

Жаттығу өз бетінше орындалады.



Жаттығуды 6-8 рет қайталау.


Оң аяқпен төрт рет секіру, сол аяқпен төрт рет, екі аяқпен төрт рет секіру.

Рефлексиялық

түзетушілік

Бағыттаушыны ауыстырып жүру.

Ысқырық бойынша



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: қысқа секіртпе арқылы секіруді;

Түсінеді. Акробатикалық жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

Қолданады: көзбен мөлшерлей алу дағдыларын.



































«Ертегіде қонақта» атты спорттық мерекесі.

Мақсаттары:

1. Балалардың жылдамдық қасиеттерін дамыту.

2. Сенімді қатынастарды нығайтуға бағыттау.

3.Көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту.

4. Баланың спортқа ұмтылысын, қызығушылығын қолдау.

Құрал-жабдықтары: себеттер,қысқа сапты ойыншық найзалар, шарлар,қағаздан жасалған гүлдер, кішкентай доптар, шарлар.

Өткізілетін орын: спортзал.

Мерекенің барысы:

Музыканың әуенімен балалар спортзалға кіреді және орындарына барып отырады.

Жүргізуші: Сәлеметсиздер ме, құрметті қонақтар мен жарысқа қатысушылар! Балалар , сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? Ата- аналар, Сіздер балаларыңызға ертегіні жиі оқып береіңдер ме? Ата- аналар , сіздерге ертегіден жұмбақтар оқылады. Қандай ертегінің үзіндісі екенін айтасыңдар.

Көрпе де қашты менен,

Жапқыш ұшып кетті менен.

Ал жастықжан қорбаңдап,

Менен қашты балпаңдап.

(«Тазалық» ертегісі).

Кейіпкерім бүгінгі-

Шыбынбике-Шыбынгүл.

Күн шыққанда, бұлт ауып,

Алды жолдан пұл тауып.

(Қ. Мырза алидің аудармасы бойынша жазылған «Шыбынбике-Шыбынгүл» ертегісі)

Жүргізуші: Ал балалар, қалай екен? Ата-аналар, сіздер қиналған шығарсыздар? Балалар ертегіні көбірек оқу керек. Ал қазір демалып, «Үш торай» атты ертегіні тамашалаймыз(Үш торай жүгіріп келеді).

1-ші: Ниф-Нифпін!

2-ші: Нуф-Нуфпын!

3-ші: Наф-Нафпын!

Қасқыр: Мен Қасқырмын. Тістерімді сықырлатып, үш торайды жимін.

3-ші: Ей, Қасқыр, бізге тиіспеші. Біз сенің көңілінді көтеріп, ән салып береміз.

Қасқыр: Ал айтыңдар.

Жүргізуші: Балалар, торайларға көмек берейікші, бір көңілді спорттық әнді айтайық.

Балалар торайлармен қосылып ән айтады.

Қасқыр: Ал көңілімді көтердіңдер, бірақ таңғалдыра алмадыңдар.

Жүргізуші: Қоя тұр, Қасқыр, қазір таңғалдырамыз. Ал, балалар, келіңдер және өз өнерлеріңді көрсетіңдер. ( Жонглерлер шығады және әуеннің ырғағымен доппен гимнастикалық жаттығулар көрсетеді).

Қасқыр: Жарайды, таңғалдырдындар! Мен өз сөзімде тұрамын, торайларды босатамын.

Жүргізуші : Қасқыр, сен ойнағанды ұнатасың ба?

Қасқыр: Иә.

Жүргізуші: Біздің қонағымыз болыңдар, біз кәзір ойнаймыз және торайлар, сендер де қалыңдар (Қатысушылар екі командаға бөлінеді, командаларға атаулар беріледі, эмблемалар таратылады).

1. «Кім тездетіп, үстіне киімін киеді» ойыны. Белгі бойынша ойыншылар себетке қарай жүгіреді және үстілеріне бір заттан киеді, сосын кейін қарай жүгіреді. Себетті тез босатқан топ ұтысқа ие болады! Бірінші сайыстың қорытындысы.

2. «Жалаушаны жеткіз!» ойыны. Ысқырық бойынша қатысушылар белгіленген жерге дейін жүгіреді, оны айналып шығады және қайтып орнына оралады. Одан кейін жалаушаны келесі жұпқа ұсынады. 2-ші сайыстың қорытындысы.

3. «Қысқа сапты найзалар» ойыны. Әр қатысушыда бір қысқа сапты найзадан болады. Белгі бойынша бір ойыншы шарлар байланған, белгіленген жерге қарай жүгіреді. Ол қысқа сапты найзаны кез келген шарға көздеп лақтырады. Лақтырғаннан кейін қысқа сапты найзаларды жинап алып, кері қайтады. Барлық шарларды жарып үлгірген команда ұтысқа ие болады.3-ші сайыстың қорытындысы.

4. « Гүлдерді жинау» ойыны. Швед қабырғасында қағаздан жасалған гүлдер ілінген. Белгі бойынша ойыншылар белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, бір гүлді ашады және өз орнына оралып келеді. Одан кейін келесі қатысушы жүгіреді. Ойынның соңында ұпайларды санап шығады. 4-ші сайыстың қорытындысы.

5. «Секіру» ойыны. Ысқырық бойынша балалар текшелерге дейін секіреді және кейін қарай қайтады. 5-ші сайыстың қорытындысы.

Сайыстардың қорытындысы: Әділқазылардың сөздері. Командаларды құттықтау. Әуеннің ырғағымен командалар спортзалдан шығады.













Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Еңбектеп жүру.

Мақсаты:

1. Гимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету.

2. Еңбектеп жүріге үйрету арқылы ептілік , шапшаңдық сияқты қасиеттерді дамыту.

3. Допты бастан асырып, екі қолмен лақтыру.

Құрал- жабдықтары: әр балаға екі текшеден, бала санына қарай орташа көлемдегі доптар (диаметрі 20-25 см), гимнастикалық орындық (ұзындығы 2,5 -3 м, ені 30-25 см, биіктігі 25-30см).

Іс- әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Бағытты өзгертіп, педагогтің соңынан жүгіру. Бөлменің әртүрлі жерлерінде тоқтау (шашырап кету).

Педагог бірінші немесе соңғы болып жүгіріп келеді.

Мотивациялық қозғаушылық

1. Текшелермен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ: аяғымызды иығымыздың деңгейіне қойып тұрамыз, қолдарымызды екі жаққа созамыз. Шынтақтарымызды бүкпей, қолдарымызды қосамыз, текшелерді бір-біріне соғып ұрамыз,қолдарымызды екі жаққа созамыз.

Б.қ: етпетінен жатып, қолдарымызды бүгеміз, текшелерді иыққа көтеріміз. Қолдарымызды алға қарай созамыз,б.қ. оралу.

Б.қ. текшелер қолдарымызда, оларды түсіріп тұрамыз. Жартылай отырамыз, еденге текшелерді тигіземіз, тік тұрамыз, қолдарымызды жоғары көтереміз.

Текшелерден екі аяқпен секіру (15-20сек.)

Текшенің айналасында жылан секілді ирелеңдеп жүру. Текшелерді орнына қою.

2. сызықтар арасымен еңбектеп жүру(ені -40-35 см).

«Құмырсқалар жорғалап келе жатыр» жаттығуы.

Қажет болғанда педагог кейбір балаларға көмектеседі.

Гимнастикалық орындық үстімен жүру

3. «Көпірмен жүреміз» жаттығуы: тепе-теңдік сақтап жүру.

Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру және еңбектеу.

4. Допты бастан асырып лақтыру.

Әуелі педагог, одан кейін балалар допты екі қолмен ұстап, дұрыс лақтыратынын тексереді, одан кейін олармен бірге жаттығуды орындайды. Қимылдарды келесі сөздермен сипаттайды: «Сермейміз және лақтырамыз!». Бұл жаттығуларды орындаудың қарқынын реттейді.

5. «Допты алып кел!» қимыл қозғалыс ойыны. Шарты: педагог допты домалатып жібереді де, балалардың біреуі допты қуып жетіп, оны алып келеді.

6-7 рет жаттығуларды қайталау.

Жаттығуларды жүргізуші бала орындайды.


Тапсырманы бірінен соң бірі орындайды(2-3рет).




Балалар жаттығуды орындау барысында алға қарайды және жолдың аяғына дейін жүріп өтеді.


Балалар сызықтың арғы жағында тұрып, доптарды ұстап тұрады. Одан кейін балалар допты көтереді, орындарына қайтып оралады және доптарды лақтырады. Жаттығу 4-5 рет орындалады.


Балалар жылдам қимылдап,домалап бара жатқан допты қуып жетуге тырысады.

Рефлексиялық түзетушілік

№45 сабақта орындаған жаттығулар кешенін тексеру.








Күтілетін нәтиже:

Орындайды: еңбектеуді;

Түсінеді. Гимнастикалық орындық үстімен жүрудің шарттарын;

Қолданады: екі қолмен басынан қолдарын асырып, допты лақтыру дағдыларын.





































Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.

Мақсаты:

1. Бір орында тұрып,ұзындыққа секіруге үйрету.

2. Тепе-теңдікті сақтау қабілетін дамыту және қимылдарын реттеу.

3. Бастан асырып лақтыруды бекіту.

Құрал- жабдықтары: әр балаға екі қарағай бүршіктен(немесе кішкентай доптар), балалар санына қарай доптар, ұзын жіп.

Іс- әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Педагогтің соңынан қайталап, жүріс пен жүгіруді ауыстырып жүру (40-60м): «Орманға серуен» ойыны.

Жүру барысында балалар аяқтарын сүйретпей жүрулері керек. «Қараңдар, мен қалай жүремін»,- деп, педагог өзі көрсетеді. Балалар аяқтарын жоғары көтеруге міндетті емес. Педагог жаңғақтарды шашып жібереді, әр қатысушыға екі жаңғақтан ұсынады.

Балалар жүру барысында педагогтің іс-қимылдарын қайталап орындайды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

1. Жаңғақтармен орындалатын ЖДЖ

Б.қ: жаңғақтарымызды ұстап тұрамыз. Қолдарымызды жоғары көтереміз, жаңғақтарды көрсетеміз және оларды артымызда жасырамыз.

Б.қ: шалқадан жатып, қолдарымызды дененің бойымен ұстаймыз. Қолдарымызды және аяқтарымызды жоғары көтереміз.

Б.қ: отыру, қолдарымыз тізелерімізде. Қолдарымызды екі жаққа созамыз, жоғары көтереміз, қолдарымызды түсіреміз.

Б.қ: қолдарымызды түсіріп тұрамыз. Отырамыз , жаңғақтарды еденге қоямыз, тік тұрамыз, одан кейін отырамыз, жаңғақтарды қолымызға аламыз. Бір орында секіру(20-25 сек.)

2. Педагогтің соңынан жүру. Қарағай бүршіктерін себеттерге салу(жәшік).

3. Бастан асырып, екі қолмен допты лақтыру.

Екі қолмен допты игеру сәтіне балалардың көңілін аудару.

4. Кілемшенің үстінде жатқан жіптің үстімен бір орында тұрып ұзындыққа секіру. Секірер алдында шағын отырып – тұру жаттығулары орындалады. Сонда секірген кезде жерге жеңіл түседі.

5. «Бөренеден өтіп көр» қимыл қозғалыс ойыны (гимнастикалық орындвқтан аттау).

6-7 рет жаттығуларды қайталау.


Жаттығуларды өз бетінше орындайды.



Жаттығуларды жылдам қарқынмен орындалады.



6-7 рет қайталайды



Барлық жаттығуларды педагогтің нұсқауымен және кейде көмегімен орындайды.



Рефлексиялық түзетушілік

Қорытындылау.

Белгі бойынша кідірістермен баяу жүру.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: бір орында тұрып, ұзындыққа секіруді;

Түсінеді: гимнастикалық орындықтан қалай аттау керектігін;

Қолданады: бастан асырып лақтыру дағдыларын.



Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Допты домалату.

Мақсаты:

1. Допты бір-біріне лақтыруды үйрету.

2. Белгіге назар аударып, жылдам жауап беру дағдысын қалыптастыру..

3. Лақтыруды жетілдіру.

Құрал- жабдықтары: бала санына қарай орташа доптар, 2 ұзын жіп.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

1. Қарқынды өзгертіп, бір қатар тізбекпен жүру және жүгіру.

Педагогтің ұсынысы бойынша доптарды іріктеп алу.

2. Оң және сол аяқпен секіру.

Әуеннің ырғағына қарай балалардың қарқынын білеміз.

Қолдары белінде.

Ұйымдастырушылық ізденістік

1.Доппен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ: екі қолмен доптарды береді.

Б.қ: отырып орындалады. Алға қарай иілу, алға қарай ұмтылу. Алға қарай иілу, допты тигізу,тік тұру.

Б.қ: тізелеп отыру. Бір жаққа қарай бұрылу, еденге допты тигізу, тік тұру. Дәл солай оң жаққа қарай жасау. Екі аяқпен секіру. «Доп секілді секіру» (20-30 сек).

Допты алу. (бір бірінен кейін жүру).

2. Допты бастан асырып лақтыру. Лақтыру барысында балалар аяқтарын сәл екі жаққа ашып тұрады. Допты екі қолымен ұстап тұрады. Педагогтің допты қаншалықтыбаппен алға қарай лақтырғанын бала бақылауы тиіс.

3. Бір-біріне допты домалату. Педагог допты қалай домалатуды түсіндіреді, көрсетеді.

4. Еңбектеп жүру.

5. «Таяқты аттап өт!» педагог балаларға кілемшенің үстімен жүргенді ұнатпайтынын айтады.

5-6 рет жаттығуларды қайталау.

Жаттығуларды өз бетінше орындайды.

Жаттығуларды 5-6 рет орындайды.

Жаттығуларды әдетте 10-12 бала бір уақытта орындап шығады, балалар бір-бірінен 1-1,5м қашықтықта тұрады.



Екі параллельді созылып жатқан жіптердің арасынан жүру, олардың арасындағы қашықтық 30-35 см-ге тең


Рефлексиялық түзетушілік

1. Жылан секілді ирелеңдеп, бір қатар тізбекпен жүру.

2. Аяқтың ұшымен және баяу жүріспен жүру.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: бір-біріне допты домалатуды;

Түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білуге шарттарын;

Қолданады: ұзындыққа лақтыру дағдыларын.





























Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Қайталамалы жүгіру( челночный бег)

Мақсаты:

1. Қайталамалы жүгіруге жаттықтыру.

2. Шапшаңдық, ептілік сынды қасиеттерді дамыту.

3. Гимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету.

Құрал- жабдықтары: бала санына қарай таспалар, 1-2 гимнастикалық орындықтар, орташа доп.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

1. Қолындағы таспамен шағын қадаммен жүру.

2. Шеңбердің бойымен жүгіру.

3. Бір аяқтан екінші аяққа секіру.

Екі қолдың түрлі қалыптарымен шақыру. Қолдарымыз белімізде.

Ұйымдастырушылық ізденістік

1.Таспамен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ: таспаның бір шетінен ұстап тұру. Бірнеше сермеуден кейін(4-6рет) басқа қолына лентаны ұстату және осы тапсырманы қайталау.

Б.қ: аяқтарымыз бірге, отырамыз, таспаны екі қолмен екі жағынан ұстау. Тік тұру, екі қолды жоғары көтеру, оларға қарау. Педагогтің нұсқауы бойынша алға қарай еңкею.

2. Шашырап жүгіру(20-30 сек).

3. Бірінен соң бірі баяу жүреді. Таспаны орнына қою.

4.Қайталамалы жүгіру: 10метрден 3 рет

5. Гимнастикалық орындық үстімен жүру. Екі рет қайталау. Педагог балалардың бір-бірінен қалмай, уақытылы орындауын қадағалайды. Жаттығуды 2-3 рет орындайды.

Гимнастикалық орындықтан секіру барысында педагог балаларға көмек көрсетеді.

6. Допты лақтырып, қағып алу. Педагог әр баланың есімін атап, допты лақтырады, балалар қолдарын жайып, дайын тұруды ескертеді.

7. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Маймылдар». Шарты: гимнастикалық қабырғада өрмелеу. Педагог көрсетеді,сонан соң балалар өрмелейді.

6-8 рет жаттығуды қайталау.


Жаттығулар өз бетінше орындалады.



2-3 рет жаттығуларды қайталау


Кез-келген тәсілмен еңбектеуге болады.




Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Аяқтың ұшымен тұру.

Қолдарын әр түрлі қалыпта ұстап жүреді.





Күтілетін нәтиже:

Орындайды: қайталамалы жүгіруді; гимнастикалық орындық үстімен жүруді, еңбектеп жүруді;

Түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

Қолданады: допты лақтырып, ұстау дағдыларын.











«Наурыз» атты спорттық мерекелік іс-шара

Мақсаты: қазақ халқының дәстүрлерімен балаларды таныстыру, спортқа сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Құрал жабдықтары: гимнастикалық таяқшалар, түрлі-түсті таяқшалар, спорттық бағаналар, тақиялар, жасанды ат.

Мерекенің өткізілу орны: спортзал.

Барысы:

Жүргізуші: Сәлеметміздер ме, қонақтар мен жарысқа қатысушылар! Спорттық мерекемізді салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз! Қазақстандық спортшылар спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар жеңіп алады. Жеңімпаздардың төсінде алтын, күміс және қола алқалар жарқырайды.(Жеңімпаз спортшылар туралы бейне таспа көрсетіледі). Әділқазылар алқасынвң мүшелерімен таныс болыңдар. Біздің әділқазыларымыз....

1. Секіру. Балалар бір қатар сапқа тізіліп тұрады, белгі бойынша бірінші жұп жасанды өртке жақындайды, оны аттап өтеді және тізіліп тұрады. Бірінші сайыстың қорытындысы шығарылады.

2. «Таяқ лақтыру» ұлттық ойыны. Ойыншы бір таяқшаны алады және оны алысқа лақтырады. Қорытындысы шығарылады.

3. «Тақиятастамақ» ұлттық ойыны. Алаңның бір жағында белгіленген жердің жанында 3 метр арақашықтықта бір-біріне қарама – қарсы ойыншылар екі тізбекке тізіліп тұрады. Оларға қарама- қарсы тақия ілінген екі бағана қойылады. Екі команданың бірінші ойыншылары белгі бойынша бағанаға қарай жүгіріп, тақияны алады. Ойынды бұрын аяқтаған команда жеңіске жетеді. Үшінші байқаудың қорытындылары шығарылады.

4. «Қара жорға» биі. Балалар екі үлкен шеңберге тұрып, музыка әуенімен билейді.

Жүргізуші: Ал қазір әділқазы алқасы біздің сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайды. Ол жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынады. Командалар әуеннің ырғағымен залдан шығады.



Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Бунамамен (жгутпен) орындалатын жаттығулар.

Мақсаты:

1. Бунамамен орындалатын жаттығуларды үйрету.

2. Допты домалату барысында бағытты сақтауға үйрету.

3. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығуға үйрету.

Құрал- жабдықтары: бала санына қарай түрлі түсті орамалдар және орташа доптар, 2-3 доғалар (қақпалар), гимнастикалық қабырға, бала санына қарай бунама.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

1. Өз бетінше сапқа тұру.

2.Жүріс пен жүгіруді ауыстырып отыру. Бір қолда орамал ұстау.


30 сек ауысу

Ұйымдастырушылық ізденістік

1. Орамалмен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ: аяқтардың арасын ашып отыру, орамалды екі қолмен ұшынан ұстап тұру.

Б.қ: орамалды екі қолмен ұшынан ұстап тұру,қолдарын түсіріп тұру. Тік тұру, қолдарын түсіру.

Б.қ: етпетінен жату, екі қолды алға қарай созу, орамал бір қолында. Орамалды жоғарыға қарай сермеу, оған қарау, қолдарын еденге түсіру. Дәл осыны басқа қолмен орындау. Орамалмен билеу(20-30 сек).

2. Бір қатар тізбекпен жүру. Орамалдарды орнына қою.

3. Таяқшалар, жіптер арасынан допты «қақпаларға итеру».

4. Бунамамен жаттығуларды орындау:

1- қолды жоғары көтереді, одан кейін қолды төмен түсіреді; 2- б.қ.

Екі қолды жоғары көтеру

1- екі жаққа бунаманы тарту:

2-б.қ.

Қолдары төстің тұсында.

Бірінші-екі жаққа бунаманы тартып байлау, екінші-б.қ.

Қолдары төмен түсірілге

1-қолдарын жоғары көтеру;

2- қолдарын артқа қарай жіберу;

3- қолдарын жоғары көтеру.

Қолдары төстің тұсында, боксты имитациялау. Бунаманы иыққа қою және екі жаққа дененің бұрылуы.

Б.қ: негізгі тұрыс. 1- алға қарай иілу; 2-б.қ.

Отырып: 1-бунаманы аяқтарына қою, алға қарай иілу; 2-б.қ.

Аяқтарына бунаманы қою. Бунаманы екі қолмен тартып байлау.

Бунаманы аяққа байлау. Жатып орындау: аяқтарына жіп байлау. 1-созу; 2- аяқтарын бүгу; 3- екі қолды жоғары көтеру; 4- шалқадан жату.

Артқа қарай оң қолды жоғары көтеру, сол қолды төмен түсіру, бунаманы жоғары- төмен тарту. Қолдарын жоғары көтеру, оңға және солға иілу.

Еденге бунаманы қою. Оң және сол қолмен сермеу.

5. Гимнастикалық қабырғада өрмелеу.



Жаттығуларды педагогтің нұсқауы бойынша орындайды. 6-8 рет жаттығуларды қайталау.




80-100см қашықтықта 2-3 доғаларды қою, допты домалату үшін орынды белгілеу. 2-3 бала тапсырманы бір уақытта орындайды. Барлығы допты 3-4 рет домалатады.


Балалар шеңбер құрып тұрады, кезекшілер бунамаларды таратады.

Рефлексиялық түзетушілік

Әуеннің ырғағымен отырып тұруды орындау.

Үйге тапсырма: әуеннің ырғағымен бірнеше тапсырмаларды үйде жаттап алу.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: бунамамен орындалатын жаттығуларды;

Түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

Қолданады: гимнастикалық қабырғада өрмелеу дағдыларын.
































Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Тігінен тұрған нысананы лақтыру.

Мақсаты:

1. Тігінен тұрған нысанаға оң және сол қолмен лақтыруды жетілдіру.

2. Ептілік қасиетін дамыту.

3. Гимнастикалық қабырғаға өрмеуді үйрету.

Құрал- жабдықтары: сылдырмақтар, құм салынған қапшықтар, бала санына қарай доптар, 1-2 гимнастикалық орындықтар, 3-4 үлкен шығыршық.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Кең, еркін қадаммен педагогтің соңынан жүру және жүгіру.

Педагог әр кезде дұрыс жүрістің және жүгірудуң үлгісін көрсетеді.

Педагогтың көрсетуі қты көтеру және шашырап тұру немесе бір сапқа тізіліп тұру (бағдар ретінде кілемше болады) және педагогке қарау.


Ұйымдастырушылық ізденістік


1. Сылдырмақпен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: отырып, аяқтардың арасын сәл ашу, бір қолында сылдырмақты ұстау. Дәл солай екінші қолмен орындау. Жаттығуды тез қарқынмен орындау.

Б.қ: сылдырмақ алға қарай созылған екі қолда. Алға иілу.

Б.қ: шалқадан жату, сылдырмақтар екі қолда, қолдарын екі жанында ұстау. Отырып, сылдырмақтарды екі аяқтың ұшына тигізу. Б.қ. бір аяқпен бір орында секіріп тұру.

Бір-бірінің артынан жүру. Сылдырмақты қою.


2. Гимнастикалық қабырғада өрмелеу.


3. Тігінен қойылған нысанаға құм салынған қапшықтарды лақтыру(арақашықтық 80-100см), әр қолмен 2-3 реттен орындалады.


4. «Мені қуып жет!» қимыл қозғалыс ойыны.



Жаттығулар өз бетінше орындалады.


6-8 рет жаттығуларды қайталау.






Жұптасып «паровоз» секілді жүріп тұру.


Бір-бірінен қалыспай, жаттығуды орындауға үйрету.



3-4 нысаналар бойынша 3-4 бала лақтыруды орындайды. Педагогтің белгісі бойынша әр бала шығыршық ішіне қапшықты лақтырады. 2-3 рет қайталау.

Рефлексиялық түзетушілік

1. бір тізбекпен жүру.

2. «Өзіңе жұп табу» тыныш ойыны

Педагог өз бетінше тапсырманы орындайларға көмектеседі.

Бала өзіне жұп таңдайды, оны қолынан ұстап, онымен бірге жұптасып жүреді.



Күтілетін нәтиже:

орындайды: тігінен тұрған нысанаға оң және сол қолмен лақтыруды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

қолданады: гимнастикалық қабырғада өрмелеу дағдыларын.













Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

Мақсаты:

1. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрету.

2. Балаларды достық қарым-қатынаста болуға үйрету.

3. Еңбектеп жүру және білте тақтайшаның астынан өту дағдыларын қалыптастыру.

Құрал- жабдықтары: бала санына қарай текшелер, 2 бағана(немесе жіп), кішкентай шығыршық.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекет

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

1. Жүріс барысында тоқтап, бұрылыстар жасау.

2. Жіпті ұстап, шеңбердің бойымен жүгіру.

Қозғалыстардың ауысуына қарап, балалардың жауаптарын бақылау. Педагогке бұрылып, шашырап тоқтау.

Ұйымдастырушылық ізденістік

1. Текшемен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс, текше оң қолында. 1-2- қолдарын екі жаққа созып жоғары көтеру, текшені сол қолына ауыстыру. 3-4- бастапқы қалып.

Б.қ.: аяқтың арасын ашып тұру, текше оң қолда. 1- екі қолда екі жаққа созу; 2- алға иілу, сол аяқтың ұшына жақындатып текшені қою; 3- тік тұру, екі қолды созу; 4- иіліп, текшені сол қолға алу. Дәл солай сол қолмен жасау.

Б.қ.: негізгі тұрыс, текше оң қолда. 1- отыру, текшені алға созып, сол қолға ауыстыру; 2- тұру, текше сол қолда.

Б.қ.: тізерлеп тұру, текше оң қолда. 1- оңға бұрылу, текшені аяқтың ұшына жақындатып қою; 2- түзу тұру, қолдарын белге қою; 3- оңға бұрылып, текшені алу; 4- бастапқы қалыпқа оралу, текшені сол қолға ауыстыру. Дәл солай сол жаққа қарай жасау.

Б.қ.: негізгі тұрыс, қолдарын еркін ұстау, текше еденнің үстінде. Текшеніңайналасында кідірістермен оң және сол аяқпен секірулер. 1-ден 8-ге дейінгі санау арқылы орындалады.

2. Қиғаш қойылған гимнастикалық қабырғада өрмелеу. Одан түсіп, жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру.

3. «Ұшақтар» қимыл -қозғалыс ойыны. Шарты: қолдарын шынтақтан бүгіп, кеуде тұсында ұстап тұрады. Педагогтің «Моторды оталдырыңдар!» деген бұйрығынан соң, «р-р-р» деген дыбыспен ұшақтың моторын бейнелеп көрсетеді. «Тұрамыз, ұшуға дайындалыңдар!» дегенде барлығы ұшақтың ұшуын бейнелейді.

Жаттығулар педагогтің көрсетуімен қайталанып орындалады.


4-5 рет жаттығуларды қайталау.














Балалар бірінен соң бірі жаттығуды 2-3 рет орындайды (немесе топтасып). Бір-бірімен соқтығысып қалмау үшін өрмелеуге тырысады. Жаттығуды 5-6 реттен орындайды. Балалар ұшақты бейнелеп, қолдарын екі жаққа созып, «қалқып ұшады».

Рефлексиялық- түзетушілік

Жүру. Табанды толық басып жүруді аяқтың ұшымен жүрумен ауыстырып отыру.


Күтілетін нәтиже:

орындайды: жүгіріп келіп ұзындыққа сеіруді;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

қолданады: гимнастикалық қабырғада өрмелеу дағдыларын.














































Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Шаңғыны таяғымен жинап, шаңғыны тасу.

Мақсаты:

1. Шаңғыны таяғымен біріктіріп, қолтықтарына қысып, оқу іс- әрекеті өтетін жерге тасуды үйрету.

2. Негізгі қасиеттерді- шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3. Таяқтың ілмектерінің атқаратын қызметімен таныстыру; таяқпен серпіліп сырғанай адымдаумен таныстыру.

Құрал- жабдықтары: 20 жалауша, шаңғылар, түрлі –түсті доптар.

Іс – әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

1. Топты бір қатарлы сапқа тұрғызу.

2. Шаңғыны таяқшаларымен жинауды үйрету.

3. Шаңғыны қолтыққа қысып тасу. Шеңбер бойымен жүру.

Педагог түсіндіріп көрсеткеннен кейін өздері шаңғыны жинап, тізбекпен жүреді.

Ұйымдастырушылық ізденістік

1. Бір қатар сапқа тұру.

№37 сабағының жаттығулар кешенін орындату.

2.Таяқшалардың қызметін түсіндіру: шаңғыны таяқшаны суйену үшін, тепе теңдікті сақтау үшін және шаңғымен сырғанауда серпілу үшін пайдаланады. Таяқшамен ондағы ілгектерді дұрыс пайдаланғанда ғана жақсы итерілуге болады.

3. Таяқпен серпіліп сырғанай адымдай сырғанауды өзі түсіндіріп тұрып көрсетеді.

4. Алаңда өзіне лайық қарқынмен сырғанап жүру. Екі ұл бала мен бір қыз баланы таңдап алып, барлық топ мүшелеріне сырғанау қимылдарын көрсетуді ұсыну. Педагог балалардың әр қимылдарына түсініктеме беріп тұрады.

5. «Допты көршіңе бер» ойыны. Шарты: ойыншылар бір-бірінен бір қадам қашықтықта шеңбер құрып тұрады. Шеңбердегі бір-біріне қарама қарсы тұрған екі ойыншының әрқайсысының қолында волейбол добы болады (доптардың түсі әртүрлі болғаны дұрыс). Педагогтің белгісі бойынша ойыншылар допты оңға қарай бере бастайды, мұнда бір доп бір допты қуып жетуі тиіс. Сонымен бірге белгі бойынша бағытты да өзгерту қажет және допты солға қарай дөңгелете жіберу керек.




Балалар таяқшаны қалай дұрыс ұстауды және таяқшамен қалай сырғанау керектігін көрсетеді. Бұл жаттығуды 3-4 рет орындайды.













Ойын барысында шапшаңдық сияқты қасиеті дамиды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Таяқпен серпіліп сырғанай адымдауды қайталату.




Күтілетін нәтиже:

орындайды: шаңғы таяғымен біріктіріп, қолтықтарына қысып тасуды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

қолданады: таяқпен серпіліп сырғанай адымдау дағдысын.











Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Шаңғымен танасу(далада өтеді).

Мақсаты:

1. Балаларды шаңғы тебуге үйрету.

2. Негізгі қасиеттерді- шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3. жүгіруді жүрумен алмастыруға үйрету.

Құрал- жабдықтары: ұзын жібі бар 5 жалауша, шаңғылар.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

1. Педагог шаңғы туралы қысқаша мәлімет береді және киім мен аяқкиімге қойылатын талаптармен таныстырады.

Шаңғы- қар үстінде сырғанайтын, жұқа ағаштан жасалған спорт құралы ( шаңғыны таяқшаларымен көрсетеді). Шаңғы тепкенде дене қозғалысына ыңғайлы жылы киім киіледі. Қолғап пен мойынорағыш міндетті түрде болу керек.

Педагог шаңғыны қалай кию керектігін және шаңғыны қалай алып жүру керектігін іс жүзінде көрсетеді.

2. Залда таяқсыз шаңғымен жүру қимылдарын орындау. Педагог шаңғымен жүру қимылдарын көрсетеді.


Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.



Педагогтің көрсеткен қимылын орындайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

1. Далада спорт алаңына бір қатар тізбекпен шығу, шеңбер құрып тұру.

2. «Өз орындарыңа барыңдар!» ойыны. Шарты: педагог балаларды сапта тұрған жерден 50-60 м қашықтыққаалып барып, «Өз орындарыңа барыңдар!» деген команда береді, сонда ойыншылар қысқа жолмен орындарын тауып тұрады.

3. Мұзды жолмен сырғанау. Педагог қауыпсіздік ережесін сақтайды.




Ойынды бірнеше рет қайталап ойнайды.

Әр бала өз бетінше орындайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Шаңғыны шешіп, қардан тазарту, жинау.




Күтілетін нәтиже:

орындайды: таза ауада ойналатын қысқы ойындарды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

қолданады: шаңғымен сырғанау дағдысын.













Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық карта

Тобы: _______________

Күні: ________________

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Далада шанамен сырғанау.

Мақсаты:

1. Таза ауада ойналатын қысқы ойындармен таныстыру

2. Негізгі қасиеттерді- шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3. Шанамен сырғанауға жаттықтыру; қарды жұмарлап лақтыруға жаттықтыру; жүгіруді жүрумен, жүруді жүгірумен алмастыруға үйрету.

Құрал- жабдықтары: 3 волейбол добы, 4 шана, жалауша.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

1. Шеңбер бойы тұру.

2. Шеңберді айнала жүру.

3. Қарды жұмарлап, қар кесектерін жасап, оларды лақтырып жүгіру. Қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Шеңбер бойы айнала қозғалып жүріп, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

1. Қозғалыста орындалатын ЖДЖ:

- әрбір адым басқан сайын қолдарын жоғары көтеру және бір уақытта артқа жіберу;

- дәл солай, тек алға иіліп жүру;

- қолды екі жаққа созып, алдағы 4 рет, артқа 4 реттен айналдырып жүру;

- тізені жоғары көтеріп жүру;

- жүгіруді жүрумен. Жүруді жүгірумен алмастыру.

2. «Қармен дәл тигіз» қимыл- қозғалыс ойыны. Шарты: балаларды екі топқа бөліп, 5-10м қашықтықта бір-біріне қарама- қарсы тұрғызады.

Алаңның ортасына сызық сызылады да, үш волейбол добы қойылады. Осы доптарды қар кесектерімен атқылайды. Үш допты да орнынан жылжытқан команда жеңіске жетеді.

3. Шанамен жарысу. Шарты: 45-60 м арақашықтықты үшке бөліп, әр бөлінген жердің шекарасына үш бірдей жалауша қойылады. Бірінші топтың біреуі шанаға отырады. Педагогтің белгісі бойынша ойыншылар отырған баланы бірінші жалаушаға дейін сүйреп барады да, сол жерде екінші бала шанаға отырады, оны екінші жалаушаға дейін сүйрейді де, үшінші баланы шанаға отырғызып, оны үшінші жалаушаға дейін, яғни мәреге дейін сүйреп барады. Мәреге бірінші болып жеткен үштік жеңіске жетеді.

Педагогке қарап жаттығуларды орындайды.






Педагогтің белгісі бойынша бір команданың барлық ойыншылары қарды жұмарлап алып, алдымен бірінші допты, одан кейін екінші допты, үшінші допты атқылайды.









Балалар үш-үштен бірнеше топқа бөлінеді. Әр топта бір шанадан болады. Ойынның шартын бұзбай және жылдам сырғанаған топ жеңіске жетеді.

Рефлексиялық түзетушілік

Жүру, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Далада дұрыс тыныс алу жаттығуларын орындайды.



Күтілетін нәтиже:

орындайды: таза ауада ойналатын қысқы ойындарды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

қолданады: шанамен сырғанау, қарды жұмарлап лақтыру дағдыларын






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!