Жаңа сабаққа кіру (Т) Оқушылар тірі және өлі табиғат нысандарының бейнелерін екі топқа: өлі және тірі денелер деп бөледі. Тірі және өлі табиғат денелерін салыстырады және ерекшелік белгілерін тұжырымдайды. Оқушылар айтқан ойларды флипчартқа жазуға болады.  (С) Оқушылар тақтада жазған тірі ағзалардың қасиеттері(қозғалыс, тыныс алу, сезімталдық, өсу, көбею, бөліп шығару және қоректену) көрсетілген өз жазбалары мен мұғалім жазбаларымен салыстырады.  Мұғалім ойы мен оқушы ойы арасындағы ұқсастықтар немесе айырмашылықтар жайлы пікірталас ұйымдастырылады. (Жж) Оқушыларға табиғаттың тірі және өлі нысандарына тән қасиеттер тізімін қарастыруды ұсыныңыз. Ағаш пен тасты салыстырыңыз. Арасындағы айырмашылықтарды анықтаңыз. Сіздің ойыңызша, тірі ағзалардың қасиеттеріне не жатады?  (М) Сыныпқа тірі ағзалардың қасиеттерін (қозғалыс, тынысалу, сезімталдық, өсу және даму, көбею, бөліп шығару, қоректену) түсіндіру және сыныппен бірге оқушылардың ойларын талдау. Суретті қолдана отырып, кестені толтыру (С) «Өз жұбыңды тап» ойыны Сынып екіге бөлініп, оқушылардың жартысына тірі ағзалардың қасиеті, екіншісіне оның сипаттамасы беріледі. Оқушылар қолдарындағ ы карточкаларлы арқылы өз жұптарын табуы тиіс. (Б) «Ақиқат пен жалған» ойыны  Экранда тірі ағзалардың мысалдары көрсетіледі, оқушылар тиісінше сары және жасыл карточкаларды көтереді (Ж) Сыныпқа жылқы туралы бейнероликті көруді ұсыныңыз. Видеоролик көріп болған соң, оқушыларға жылқының ойыншық фигурасымен танысуларына мүмкіндік беріңіз. Жұптасқан оқушылар жылқының тірі ағза ретіндегі қасиеттерін бейнеролик бойынша анықтай отырып, тірі жылқы мен ойыншық жылқы фигурасын салыстыру қажет. Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі (Қосымшада көрсетілген). (Э) Содан кейін оқушылар пияз өңінің дайын микропрепаратын көру үшін микроскопты қолданады немесе екі заттық шыны арасына шаш салуына болады. Оқушылар үлкейте отырып сурет салулары тиіс. 2 Мәтін. Микропрепарат дайындау (Қосымшада көрсетілген).  (Б) Оқушылар микроскоп схемасына белгі қойып, микроскоппен жұмыс жасау ережесін атайды (Б) Оқушылар пияз өңінің жасушасының суретін А4 парағына үлкейтіп салып, ядро, цитоплазма, жасуша қабықшасын көрсетіп, белгілейді. (С) Оқушыларға дайын және уақытша микропрепараттарды көрсетіп, айырмашылықтарын табуды сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын толықтырыңыз. (С) Оқушыларға тоған суы үлгісінен микропрепаратты қалай дайындауды көрсетіңіз. Қосымша: оқушылар Роберт Гуктың жұмысын зерттей алады. | Слайд 5 Тірі және өлі табиғат туралы әдістемелік құралдар: http://earlystudy.ru/sokrovischnica/zhivayanezhivaya-priroda-to-chto-sdelal-che Тірі және өлі табиғат http://www.slideshare.net/BilimAll/ss-62543505 Қасиеттер жайлы таныстырылым: http://900igr.net/prezentatsii/biologija/ZHivoe/011-Svojstva-zhivogo-uporjadochennaja-struktura-poluchenie-energii-iz.html Слайд 6 Пікірталас http://psylesson.ru/node/30 http://900igr.net/prezentatsii/biologija/ZHivoe/011-Svojstva-zhivogo-uporjadochennaja-struktura-poluchenie-energii-iz.html Қасиеттер жайлы видео: https://www.youtube.com/watch?v=dC4blMInzV8 https://www.youtube.com/watch?v=-qs7trLD-tY |