v
Мақсаты:
Тәрбиешілік:
Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау.
Дамытушылық:
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды мүсіндеу іскерлік дағдыларына машықтандыру, мүсіндеуді меңгерту.Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Оқыту: Балаларды табиғатты аялай білуге, қамқорлыққа тәрбие.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Алақай, қыс келді»
Ересек топтарға арналған «Түрлі-түсті бояулар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні :
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Мүсіндеу.
Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы" Тақырыбы: «Алақай, қыс келді!» Мақсаты:
Тәрбиешілік:
Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау.
Дамытушылық:
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды мүсіндеу іскерлік дағдыларына машықтандыру, мүсіндеуді меңгерту.Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Оқыту: Балаларды табиғатты аялай білуге, қамқорлыққа тәрбие.
Педагогикалық технологиялар: коммуникативті-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, жеке тұлганы дамыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер,ермексаз,тақтайша.
Билингвалдық компонент: қар- снег, қыс-зима
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жүмбақ жасыру:
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Бұл қай кезде болады?
2.Негізгі бөлім:
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыстың орысшасы – зима деп аталады.
Қане, бәріміз қайталап айтайықшы – зима.
Қыс мезгілінде ауа – райы қандай болады?
Аяздың орысшасы – мороз деп аталады.
Айналаны, үйлердің шатырын не басып тұр?
Қардың орысшасы – снег деп аталады.
Қар қайдан жауады?
Қардың түсі қандай? Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Мына суреттерге қараңдаршы, кімдерді көріп тұрсыңдар?
Олар не істеп жүр? Балалар немен ойнап жүр? Сергіту сәті:
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Ал енді біз осы қыс мезгілінің корінісін мүсіндейк. Жасалу жолын түсіндіру.Үлгі ретінде мүсіндеп көрсету. /Балалар жұмысқа кіріседі.
3. Қорытынды:
Қыс мезгілі, қысқы табиғат көрінісі туралы қортындылау. Әдемілеп мүсіндеуді үйрету. Табиғатқа қамқорлықпен қарау.