СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тіршілік ортасы

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Организмдердің тіршілік ортасы туралы жазылған

Просмотр содержимого документа
«Тіршілік ортасы»

Сабақ: Биология

Мектеп: «Абай атындағы орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Смагулова Куралай Токтархановна

Сынып: 9А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі.

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Ағзалардың тіршілік ортасы, олардың ерекшеліктері, тіршілік ортасына бейімделуі туралы түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Кез келген тірі ағза үшін қолайлы табиғи-тарихи қалыптасқан тіршілік ортасы болатынын, оған бейімделу түрлерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:«Тіршілік ортасы» терминін дұрыс түсіне отырып, ағзалар өмір сүретін және сол ағзалардың тіршілік әрекетіне тікелей немесе жанама ықпал ететін тірі және өлі табиғатты барлығын біліп, оның маңыздылығы мен кейбір кемшілік тұстарына баға береді.

Кейбір оқушылар:Табиғаттағы географиялық белдеулердің организмдер үшін маңызын және өсімдіктердің тіршілік формасының бес типі болатындығы туралы өз ойларын білдіреді, оларды жіктейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар ... істей алады.

Дұрыс ғылыми терминдерді пайдаланып, организмдердің тіршілік ортасын және өзара қарым-қатынасын анықтай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Тіршілік ортасы, гидробионт, аэробионт, эндобионт, паразит, эктопаразит, эндопаразит.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Табиғи-тарихи қалыптасқан ортаны тіршілік ортасы дейміз, себебі ...

... ортасы барлық организмдер үшін маңызды, өйткені ...

Суда тіршілік ететін барлық организмдер үшін негізгі қасиет жүзу, себебі ...

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Сіз неліктен барлық организмдер үшін тіршілік ортасы керек екенін айта аласызба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Организмдердің тіршілік ортасын және өзара қарым-қатынастың заңдылықтарын көру, биосфера тепе-теңдігінің тұтастығын сақтау маңызды, себебі ...

Алдыңғы оқу

Ағзалардың тіршілік ортасы (6 сынып),

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы

10 минут

«Қағаз бетіндегі саяхат» әдісі арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату. «Мозайка» әдісімен ағзалардың тіршілік ортасына қарай қиынды суреттер арқылы шағын топтарға топтастыру.

Тапсырма 1. «Ыстық орындық» әдісімен үй тапсырмасын тексеру.

Шапалақ арқылы ынталандыру

Тапсырма 2. Шектеуші факторға тән тиісті организмдердің суреттерін сызбанұсқаға орналастыр. Ақ аю, түн көбелегі, колорада қоңызы, шортан, жауынқұрт, инелік, скат, ақтиін, көлбақа, жапалақ, жарғанат. (А,К)

Жарық

Температура

Ылғал

Қорек

Қысым

Оттек







Оқушылар «Басбармақ» арқылы әр шыққан оқушыны бағалайды.

Ватман, маркер






Суреттер







Басбармақ

Ортасы

25 минут

Оқушылар электронды оқулықтан суреттер көру арқылы жаңа сабақты анықтайды, мақсатын қояды.

Бағалау парағы беріледі.

Тапсырма 3. «Түртіп алу» әдісі арқылы топтық жұмыс. (А)

Әр топқа тапсырмалар беріледі. Постер қорғайды. Топтың әрқайсысы жаңа терминологияны пайдаланып, тіршілік ортасының анықтамасын сипаттайды. Сабақ соңында ағзалардың барлығы өз тіршілік ортасына бейімделеді деген қорытынды жасалады.

1 топ. Су тіршілік ортасы

2 топ. Құрылық-ауа тіршілік ортасы

3 топ. Топырақ тіршілік ортасы

4 топ. Организмдердің өзі тіршілік ортасы

Табыс критерий:

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз-2 балл

  2. Негізгі ұғымды бөліп алыңыз-3 балл

  3. Табиғаттағы маңызын айтыңыз-4 балл

  4. Биоценоз және экожүйе құрылымдарын салыстыра отырып, зат және энергия айналымына сипаттама беріңіз-5 балл

Оқушылар «Ым-ишара» арқылы әр топты бағалайды.

(Қосымша ақпарат беріледі).

Тапсырма 4. «Домино» әдісімен жаңа терминдерді орналастыру (Ж)

Электронды оқулық



Ватман, маркер, стикер









Оқушы дәптері






Ым ишара

Аяқталуы

10 минут

Тапсырма 5. «Фишбоун» әдісімен сабақты бекіту.

Сенің ойыңша тіршілік ортасы өзгерсе организмдердің де тіршілік әрекетінде өзгеріс болады? (себеп, салдар)

«Жарық жұлдыз» арқылы тақырып мазмұны бойынша жеке бағалау жүреді.

Үйге: $59, Тапсырма. Қала және ауыл маңындағы организмдерге 4 қолайлы тіршілік ортасын анықта.274 беттегі қосымша оқу.

Қалыптастырушы баға жинақтау бағасына ауысады.

Балық қаңқасы


Дәптер

Қосымша ақпарат: Өсімдіктердің тіршілік формасының 5 типі: фанерофиттер, хамефиттер, гемикриптофиттер, криптофиттер, терофиттер. Фанерофиттер (Рһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жоғары орналасады; хамефиттер (Сһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады (жердің бетінен 25 см биіктіктен төмен орналасады); гемикриптофиттер (Н) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларды өсімдіктің қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып, қорғап тұрады; криптофиттер (К) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астыңда орналасады; терофиттер (Т) — біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді. (Ж)

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Жұпта, топта жұмыс барысында басқаға қарағанда білімді толық меңгерген оқушы оқу материалын түсіндіруге жауапкершілік алады.

Бағалау – Оқушылардың үйренген тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Топ, жұп арасында жұмысты тыңдау, жазба жұмыстарын көру арқылы, жекеленген оқушылардың білімін бағалау.

Организмдер үшін тіршілік ортасына бейімделу маңызды екенін бағалайды.

Пән аралық байланы: Ботаника, зоология, экология

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері:топтық жұмыстың ережелерін сақтау

АКТ мен байланыс: Электронды оқулықтан организмдердің тіршілік ортасын көрсету, слайд пайдалану

Құндылықтармен байланыс.

Тірі ағзалардың тіршілік ортасына қарай алуантүрлігін сақтау, табиғатты қорғау. Топта бір біріне көмек беруге үйренеді.

Рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болады? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!