Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі. | Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Дөңгелене кілем үстіне отырады. Әліпбиді қайталау. Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да шу. (ТҮЛКІ) | Жануарлар суреттері | Жылы лебіздерін білдіреді. Жұмбақтың шешуін табады. |
Ұйымдастыру, іздену Дидактикалық ойын. Тіл ұстарту. Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті. | Ас сөзінің басына т дыбысын қосу арқылы сөз құрату. Тас сөзі шығады. Тәрбиеші балалардан суретте не бейнеленгенін сұрайды. -Ненің суреті? -Таудың суреті. -Тау сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? Т-дауыссыз дыбыс. Сондықтан т дыбысы көк түспен белгіленеді. Кеспе әріптен т әрпін тауып, оған өткен а әрпін қосу арқылы буын, сөз құрату: -та; -ата; -ат. «Т дыбысынан басталатын сөз ойла» тапсырмасын орындату. «Т әрпін тап» ойынының шарты: тақтаға өтілген әріптер жазылған кеспе әріптер ілінеді. Балалар әріптердің ішінен т әрпін тауып көрсетеді. Т әрпі кездесетін сөздерге мысал келтіреді. Тіл ұстарту жаттығуын өткізу. Та-та-та Ата, берші бата. Кітап, теледидар, сағат сөздерін талдату арқылы т дыбысының сөздегі орнын түсіндіру. Т дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін мысалмен дәлелдеу. Т және а дыбыстарын қатыстырып буын, сөз құратып оқыту. Хормен қайталау. Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау: Т әрпін ауада жазу. Т әрпін бастырып жазу. Т әрпінің кіші және бас әріптерін жазады. Торт, үстел, телефон, тақия сөздерін буынға бөлдіру. Осы сөздердегі т дыбысының орнын айтқызу. Аталған сөздердің мағынасын түсіндіру. Торғай, торғай, торғайсың Таяу келіп қонғайсың. Жем шашайын тойып ал, Сонда аязға тоңбайсың. | Текшелер, суреттер Әріптер, буындар Әліппе дәптер, кеспе әріптер | Сұрақтарға жауап береді. Т дыбысымен танысады. Ойын ойнау. Тапсырмаларды орындайды. Қимылмен көрсетеді. |