| Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды ұзындықтың өлшем бірліктері арқылы бақылау, са-лыстыру жолдарымен таныстыру. Сабақта ұзындықтың өлшем бірлігі — сантиметр ұғымы енгізіледі. Практикалық іс-әрекеттер негізінде оқушылардың кесінділерді сызғышпен өлшеу дағ-дысы қалыптасады, сонымен қатар ұзындықты өлшеудің нәтижесін сантиметр арқылы көрсете білетін болады. Ұзындықтың стандарт өлшем бірлігі стандартты емес өлшем бірлік — өлшеуіш арқылы түсіндіріледі. Өлшеуіш — бұл қандай да бір заттың ұзындығын табу үшін алынған белгілі бір ұзындыққа ие, заттың ұзындығын, көлемін және массасын өлшеуге арналған құрал. Өлшеуіш ұғымын, айталық, адамның бойын оның табанының ұзындығымен өлшеу арқылы түсіндіруге болады. Бұл жағдайда табанның ізі — бой өлшеуіш ретінде алынады. Оқушыларға адамдар ерте кезден бастап-ақ ортақ өлшем бірліктерді енгізгенін түсіндіріңіз. Бүгін ұзындықтың стандартты өлшем бірлігі — сантиметрмен танысатынын хабарлаңыз. Екі түрлі жолақты көрсетіңіз: олардың біреуінің ұзындығы 1 см, ал екіншісінікі — 10 см және оларды “кішкентай өлшеуіш” және “қалың қағаздан жасалған жолақ” деп атаңыз. Жолақтың үстіне кішкентай өлшеуіш жолақты салып, жұппен өлшеуді ұсыныңыз. Оқу-шылар жолақтың ұзындығының 10 өлшеуіш екенін анықтаулары тиіс. Содан кейін кішкентай өлшеуіштің те ұзындығы болатынын айтыңыз және оның ұзын-дығы — 1 см екенін хабарлаңыз. Сонымен “Қалың қағаздан жасалған жолақтың ұзындығы 10 см” деп айтуға болатынын ескертіңіз. Содан кейін ұзын-дықты өлшейтін құралдың болатынын және оның біреуін сызғыш деп атайтынын айтыңыз да, сызғыш-тың өзін көрсетіңіз. Осыдан кейін оларға мынадай сұрақтар қойыңыз: — Сызғыш неге ұқсас? (Оқушылардың жауабы.) — Онда нелер бейнеленген? (Цифрлар мен кіш-кентай бөлік сызықтар.) — Сызғыш сандық сәулеге ұқсай ма? (Сызғыштағы үлкен бөліктердің арасы бірдей.) Бір бөлік пен екінші бөліктің арасы 1 см екенін айтыңыз. Сонымен қатар “1 сантиметр” деген сөзді қысқаша “1 см” деп жазуға болатынын ескертіңіз. Оқушыларға кесінділерді сызғыштың көмегімен қа-лай өлшеуге болатынын көрсетіңіз. Олардың на-зарын өлшеу кезінде кесіндінің бір ұшын 0 санына дәл келтірудің маңызды екенін және екінші ұшы сол кесіндінің ұзындығын сантиметрмен көрсететін санға дәл келетінін айтып пысықтаңыз. | Оқулықтағы өлшеуіш құралдардың суретімен танысуды ұсыныңыз. Егер осы өлшеуіш құралдармен таныс балалар болса, ол жайында айтып беруін сұраңыз. Орындап көр. Бұл айдардағы тапсырманы сабақтың басында “өлшеуіш” ұғымын енгізу үшін орындату керек. Ол үшін жұппен жұмыс ұйымдас-тырыңыз. Шығарып көр. Тапсырманы орындамас бұрын кесінділерді өлшеу кезіндегі сызғышты пайдалану ережесін қайталатыңыз. Өлшейтін заттың шеті сызғыштағы 0 санымен сәйкес келуіне оқушылардың назарын аударыңыз. Жауабы: қасықтың ұзындығы — 10 см; ұштағыштың биіктігі — 3 см. Ойлан. Тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Олар тапсырманы орындауда қиналса, жұпқа біріктіріп, тапсырманы талқылап орындауды ұсыныңыз. Жауабы: қызыл жіп жасыл жіптен ұзын. Есіңе сақта! Оқушылардың назарын кестеге аударыңыз. Кесте бойынша қайталау: Ұзындық сантиметр және дециметрмен өлшенеді; “Сантиметр” қысқаша “см” деп жазылады. “Дециметр” қысқаша “дм” деп жазылады. Ұзындықтың өлшем бірліктерін есте сақтауды ескертіңіз.  |
| Оқушыларға ұзындықты өлшеу барысында және өлшеу нәтижелерін айтқанда математикалық тер-миндерді дұрыс қолдануға көмектесіңіз. | Қалам мен қойындәптердің ұзындығын өлше. Тапсырма ұзындықты стандартты емес өлше-уіштермен өлшеу дағдысын бекітуге берілген.   Қай үстел ұзын? Бұл тапсырма оқушылардың логикалық қабілеттерін дамытады. Жауабы: оң жақтағы үстел ұзын. |
| Бағалау | Оқушылар сабақ соңында: сызғыштың көмегімен ұзындықты өлшеуді; өлшеу нәтижелерін сантиметрмен өрнектеуді меңгереді. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін тек- серу мақсатында сұрақтар қойыңыз: — Сызғыштың көмегімен ұзындықты қалай дұрыс өлшеуге болады? — Ұзындықтың өлшем бірліктері қалай аталады? Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп- теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз. |